11
Мамыр

Санат жоқ 11.05.2016

Ақ жол' партиясы мектеп асханаларын жалға алған екі жүз кəсіпкердің құқын қорғау үшін экономика министрлігімен соттасуда

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 11 мамыры
'Ақ жол' партиясы мектеп асханаларын жалға алған екі жүз кəсіпкердің құқын қорғау үшін экономика министрлігімен соттасуда.
Сот отырысы барысында пайда болған «Құқықтық актілері туралы» заң талаптарының мемлекеттік органдармен орындалуы туралы мәселелерімен бүгін 'Ақ жолдың' депутаттары әділет Министрі Берік Имашевқа жүгінді.
Белгілі болғандай, «Құқықтық актілері туралы» ҚР заңының 19 бабына байланысты, Әзірлеуші органдар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жібереді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбада нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаятынын және (немесе) ұлғаятынын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері қамтылуға тиіс.
«Жоғарыда көрсетілген рәсімдер жеке кәсіпкерліктің субьектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативті құқықтық актілердің міндетті шарты болып табылады,- делінген сауалда. - Сонымен қатар, бизнес-бірлестіктің көбінесе кезігетін тәжірибесі бойынша, нормативті құқықтық актілердің бір нұсқасы келісілуге жіберілген кезде, оның тұжырымдамалық басқа бір нұсқасының қабылдануы. Ал, ереже бойынша нормативті құқықтық актілердің соңғы нұсқасы қайтадан сарапталуға бизнес-бірлестікке берілмейді».
2015 жылғы 17 наурыздағы ұлттық экономика Министірінің  Бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру Ережелерін қолдануға байланысты, Алматы қаласында мектеп пен аурухана асханаларын жалдау бағалары 15-20 есеге өсіп кеткен.
Депутат Никитинская атап өткендей, ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Ақ жол» партиясы мен ҰКП жолданымына қарамастан,  уәкілетті орган құжатты қайта қараудан бас тартты, содан кейін «Ақ жол» ҚДП асханаларды жалға алушы 200 кіші бизнес өкілдерінің жолданымының негізінде тиісті бұйрыққа сот арқылы шағымдануға мәжбүрлі болды, қазіргі уақытта МАЭС-нда (мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында) сот процесінде кәсіпкерлердің өкілі ретінде қатысуда.
«Соттың талқылауы барысында мынандай дерек орын алды, ҚР Ұлттық Экономика министрлігі жеке кәсіпкерлер субьектілерінің аккредиттелген бірлестігіне сараптамаға жіберу үшін ережелер жобасын әзірлегенде, жергілікті атқарушы органмен анықталатын, коммуналды меншіктің объектілерін жалға алушылар үшін жалға беру ақысын белгілемей жіберген. Және бұл жоба бизнес-бірлестігімен ешбір ескертулерсіз қабылданған,- деді Никитинская. - Бірақ, содан кейін құжатқа жалға беру құны, жоғарыда айтылғандай, 15-20 есе көтеріліп енгізілген. Алайда, бұл өзгертулер бизнес-ассоциацияға жіберілмеген және олардың келісімінсіз қабылданған».
Алғашқыда берілген оңды тұжырымдаманы қолданып, бұрын сараптамадан өткізілмеген, түбегейлі өзгеше құжаттың жобасы министрлікпен әділет органдарының редакциясына тіркелген.  
«Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңға сәйкес, біз асханаларды жалға беру бағасын қайта қарауды сұрамаймыз. Бұл сұрақты мәні бойынша  қарау сот тәртібімен жалғасуда»,- делінген сауалда.
«Мемлекеттік органдардың тұжырымдамалық өзгеше құжаттарды іске асыру үшін құқықтық актілердің жобаларына нәтижелерді жиі қолдануына байланысты, «Ақ жолдың» депутаттары  –туындап отырған келесі сұрақтармен министр Имашевқа жүгінеді:
1. ҚР Әділет министрлігі мемлекеттік НҚА әзірлеуші органдар тіркеу жасағанда «Құқықтық актілері туралы» заңның талаптарының орындалуын тексеруді жүзеге асырады ма?
2. НҚА жобалары ҰКП-мен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен келісілгеннен кейінгі ережелердің елеулі немесе түбегейлі өзгертулері қайталанып сараптамадан өтуге тиіс пе?
3. НҚА іске асыру үшін жеке кәсіпкерлік субьектілерінің шығындарының өсуі немесе тиісті есептің төмендеуі туралы көрсеткішсіз және реттеуші ықпалдың саралауынсыз НҚА тіркелуі мүмкін бе?
'Ақ жол' ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда және жеке бизнес мүдделерін қорғауда.