«ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты жалпыұлттық байқауының қорытындыларын шығаруға арналған ғылыми-практикалық конференция
Баспасөз парағы
Құрметті әріптестер!
27 мамыр күні «Ақ жол» ҚДП-ның Орталық аппаратында Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты жалпыұлттық байқауының қорытындыларын шығаруға арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Байқаудың басты мақсаты – Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату. Ақтық кезеңге 30 сәуір күні Алматы қаласында өткен іріктеу кезеңінен жолдама алған, Алаш мұрасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы 14 жас ізденуші қатысады.
Биылғы байқау Алаш көсемі Ә.Бөкейханның 150 жылдық мерейтойының құрметіне арналады. Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның шығармашылық тұлғалық қырына арналған байқау 4 номинациядан тұрады:
1.Әлихан Бөкейханның мемлекет құрылысына және демократиялық құндылықтарға көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;
2.Әлихан Бөкейханның экономикалық көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;
3.Әлихан Бөкейхан жұмыстарындағы қазақстандық қоғамның әлеуметтік, рухани-мәдени жаңғыруы, еуропалық жолмен дамуы мәселелері және олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі.
4. Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер; Салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері, алаштанушы ғалымдар, магистранттар мен студенттер қатысады. Мекенжайы: Астана қаласы, Сарайшық көшесі 11, №5 кеңсе Басталуы: 10:00 де.
«ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты жалпыұлттық байқаудың
ІІІ ақтық кезеңіне қатысушылардың тізімі
27 мамыр, 2016-05-16
Астана қаласы
І номинация: «Әлихан Бөкейханның мемлекет құрылысына және демократиялық құндылықтарға көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі» бойынша
1.Айсаева Наргиза (Алматы. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 1 курс магистранты)
Жұмысының тақырыбы: «Анализ правовых взглядов лидера
движения «Алаш» Алихана Букейхана»
2.Нышанбаев Нұрболат (Алматы. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –ның 3 курс студенті)
Жұмысының тақырыбы: «Әлихан Бөкейханның саяси-құқықтық идеяларының заманауи Қазақстан үшін маңызы»
3.Уәлиева Гүлмира. (Қарағанды. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушысы)
Жұмысының тақырыбы: «Ә. Бөкейхан еңбектеріндегі мемлекет құрудың негізгі жолдары»
2-номинация: «Ә.Н.Бөкейханның экономикалық көзқарастары және олардың қазіргі Қазақстан үшін өзектілігі» бойынша
1.Беркимбаев Ардақ Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 1 курс магистранты
Жұмысының тақырыбы: «Халық дәулетті болмай, экономикасы қуатты болмай ел түбегейлі тәуелсіз бола алмайды»
2. Қасенғалиев Асхат «Жастар үні», «Болашақ» басылымдарының журналисі
Жұмысының тақырыбы: «Дағдарыстан шығу жолы Әлихан Бөкейханов идеяларында жатыр немесе уақыт өтсе де құнын жоғалтпайтын ұлт көсемінің ұлы ойлары»
3.Кәрімхан Заңғар «Қазақстан тарихы» порталының редакторы
Жұмысының тақырыбы: «Ә.Бөкейхан және экономикалық тәуелсіздік»
ІІІ номинация: «Әлихан Бөкейхан жұмыстарындағы Қазақстандық қоғамның әлеуметтік, рухани-мәдени жаңғыруы, Еуропалық жолмен дамуы мәселелері және олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі» бойынша
1.Шаймарданова Аяулым – Семей қалалық орталық кітапхана жүйесінің кітапханашысы
Жұмысының тақырыбы: «Қазақ үшін шам қылған жүрек майын...»
2.Құрманова Сұлушаш – т.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы
Жұмысының тақырыбы: Идея «Алаш»
как способ формирования новой этнической идентичности у казахов
(по трудам А.Н. Букейхана)
3.Жеңісқызы Шынар – С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов музей кешенінің ғылыми қызметкері
Жұмысының тақырыбы: «Әлихан Бөкейханның «Қазақ» газетінде 1913 жылы жарияланған мақалаларына текстологиялық талдау».
ІV номинация: «Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер» бойынша
1.Маралбек Ермұхамет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 6D021300-Лингвистика мамандығының1-курс докторанты
Жұмысының тақырыбы: «Ақаңның белгісіз бір еңбегі»
2.Құмырзақұлы Алтынбек– «Қазақстан тарихы» порталының журналисі
Жұмысының тақырыбы: «Алаш қайраткері – Науан Хазірет Таласұлының ұлт тарихындағы орны»
3.Сейдірахманұлы Ұшқын Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты.
Жұмысының тақырыбы: «Алаш және Мейдзи қозғалысының идеялық тұтастығы»
4.Әбікеева Назерке. – Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ 2 курс магистранты
Жұмысының тақырыбы: «Имам Әлімбековтің Алаш азаттығы жолындағы еңбегі»