08
Қантар

«Ақ жол» партиясы мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарған жеке үйлерге ақшалай өтемнің төмендігін атап көрсетеді және оның орнына тұрғын үй алуда азаматтардың құқықтарын сақтауды талап етеді

8 қаңтар  2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясы мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарған жеке үйлерге ақшалай өтемнің төмендігін атап көрсетеді және оның орнына тұрғын үй алуда азаматтардың құқықтарын сақтауды талап етеді. Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Н.Жазылбеков Премьер-Министр С.Ахметовтың атына фракцияның депутаттық сауалын жариялады.

Әңгіме «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының нормаларын іс жүзінде жүзеге асыруда болып отыр, оған сәйкес астанада мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде тұрғын үй иесiнің таңдауы бойынша тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiнде өтем төленедi не меншігіне тұрмысқа жайлы тұрғын үй беріледі.

Мемлекет мұқтажы үшiн олардың үйлерін және жер учаскелерiн мәжбүрлеп алған кезде уәкілетті органдармен алынған мүлік үшін сәйкессіз төмен өтемақы белгіленеді, сондықтан тұрғын үйлердің иесі болып табылатын азаматтар «Ақ жол» партиясына өтініштерімен келуде. Мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын мүлікті бағалаудың қолданыстағы әдістемелері астанадан осындай көлемдегі және сапалы басқа тұрғын үйді алу шығындарын жаппайды.

Сонымен қатар, осы азаматтардың ақшалай өтемақы мөлшерімен келіспеген жағдайда– тұрмысқа жайлы тұрғын үй алуды таңдау құқығы – мүлдем еленбеген.

            Депутат, 2007 жылдан бері өз құқықтарын қорғап жүрген Д.А.Кенжебекованың, С.Т.Серікбаеваның, Б.Д.Айдашеваның, Б.Бейсенованың, Ж. Жұмабекованың және басқалардың өтініш хаттарын мысалға келтірді. Мысалы, мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын мүлкі үшін азаматша Д.А.Кенжебековаға 3,3 млн. теңге төленген.

            Ал, 4 жасөспірім баласы бар азаматша С.Т.Серікбаеваның отбасы тұрған  көлемі 100 шаршы метрден астам тұрғын үй құрылысы үшін 2,7 млн. теңге төленген, бірақ тек жер телімінің кадастрлық құны 7 млн. аса теңгені құрайды. С.Т.Серікбаеваның сот арқылы дауларынан кейін төлемақы сомасын 4 млн. теңгеге дейін өсірді. Алайда, отбасы астанадан мұндай бағаға тек бір бөлмелі пәтер ғана сатып ала алады, бұл отбасының құрамына, сол сияқты олардан алынған тұрғын үйдің көлеміне де сәйкес келмейді. Осындай жағдайлар басқа да меншік иелерінде де қалыптасқан.

«Мұндай құқықтық қайшылықтардан пайда болған әділетсіздіктің себебі, саяжайлық жер телімдерінде тұрғылықты тұру үшін заңды тіркелуге (тіркеуге) рұқсат етілген, бірақ саяжайлық жер телімдеріндегі салынған үйлердің өзі заңнамамен тұрғын үй объектілеріне қосылмағандықтан тұрғын үй ретінде бағаланбайды, - деп көрсетіледі депутаттық сауалда. Аталған азаматтар саяжайлық жер телімдерін меншігіне сатып алған, ол жерге үй салған, оларды онда тұру үшін кедергісіз тіркеуге алған -   жылжымайтын мүлікке және осы үйлерде тұрақты тұруға құқық беретін қажетті құжаттардың барлығы оларда бар. Туындап отырған жағдайда бұл отбасыларының кінәлары жоқ».

Бірақ, меморгандар бір жағынан осы тұрғын үйлерді тұрақты тұру үшін толық жарамды деп тапса, екінші жағынан – тұрғын үй құрылысы ретінде мақұлдамай, заңнамалық қайшылықтардан дәл солар шетте қалып, жапа шегіп отыр.

Фракция депутаттары заңмен көзделген ерекше жағдайларда ғана мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру және оның құны тең бағамен өтелген кезде рұқсат етілуі мүмкін екені белгіленген ҚР Конституциясының 26-бабының 3-тармағын еске салады.

«Ақ жол» партиясы осы қарама-қайшылықтарды тез арада жою қажет деп есептейді, осыған байланысты біздің депутаттар заңанамаға өзгертулер бойынша тиісті ұсыныстар дайындайды», - деп атап көрсетіледі сауалда.

Аталған отбасылары қазіргі уақытта тиісті төлемсіз немесе ауыстыратын тұрғын үйсіз, үйден шығаруларға тап болып, қыстың көзі қырауда балаларымен бірге баспанасыз қалып отыр; «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы Үкіметтен тұрғын үй заңнамасына тиісінше өзгертулерді қолдау, сондай-ақ, көшірілген отбасыларына тұрғын үй алуға жеткіліксіз ақшалай өтемақының орнына  сәйкесінше тұрғын үй бөлу жолымен  қатардағы азаматтардың мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдауды сұрайды.

«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және сайлаушылардың мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.