01
Маусым

Санат жоқ 01.06.2016

«Ақжолдықтар» балаларға ата-аналарының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салуды ұсынады

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 1 маусымы
'Ақжолдықтар' балаларға ата-аналарының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салуды ұсынады – осыған тиісті бүгін Мәжілістің пленарлық отырысы барысында Кеңес Абсатировпен фракцияның депутаттық сауалы жарияланды.
'Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде. «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» ҚР Заңының 36 бабының 1 тармағына сәйкес мемлекеттік орындар, жеке және заңды тұлғалар баланың денсаулығына, рухани дамуына әлеуметтік ортаның, ақпараттың, үгіт-насихаттың кері әсер етуінен қорғауы  міндетті, - делінген депутаттық сауалда. - Осыған байланысты, балалар мен жасөспірімдерді  танымал әлеуметтік жүйелерден қорғау қажеттілігі туындап отыр. Айтар болсақ, 2015 жылдың соңында, өзіне өзі қол жұмсауды насихаттайтын әлеуметтік желілерге қатысушылардың арасында  кәмелетке толмаған қазақстандықтардың саны 1863 құраған.
Депутаттың мәліметіне жүгінсек, жасөспірімдердің суициді жағынан Қазақстан соңғы 10 жыл ішінде әлемдегі көш бастап тұрған елдердің алғашқы үштігіне енеді екен. 2013-2014 ж.ж. ЮНИСЕФ-тің есебінде Қазақстан соңғы бірнеше жылдың ішінде жасөспірімдер мен жастардың өлімінің негізгі себептерінің бірі - суицид болып отырған мемлекеттердің тобына кіреді.
Олардың өз өзіне қол жұмсауының негізгі себебінің бірі - әлеуметтік желілердегі суицидті насихаттайтын ақпараттарға кедергісіз қол жеткізуі деп ойлаймыз. Алматыда, «ВКонтакте» желісіндеге екі пабликтің мазмұны, өзіне өзі қол жұмсау жолдары, тәсілдері және ұсыныстары  жан-жақты жазылған мазмұнда болғандықтан заңсыз деп танылып, Қазақстан аймағында таратылуына тиым салынды. Бірақ бұл жекелеген жағдай ғана.
Әлеуметтік желілердегі келесі қауіпті аймақ – ол әлеуметтік көнбеушілік пен терроризмді, радикалды секталарға шақыруды насихаттайтын ақпараттар. Әлемдегі халықаралық экстремизм қауіптілігі өсіп тұрған кезде, ХХІ ғасырдың зауалына айналған осы дерттің кесірінен қылмыстық істердің өскендігін ресми ақпараттар мәлімдейді.
«Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жастарды азғындауға бағытталған ақпараттар кері әсерін тигізуде. Олар жастарды қоғамға қарсы және жағымсыз сексуалдық тәртіпсіздіктерге итермелейді,- деп атап өтілген депутаттық сауалда. - Әлеуметтік желілер арқылы танысқан «достары» (тырнақшада) мен таныстарымен хат жазысып жүргендіктен балаларға зорлық-зомбылық жасау әрекеттері көбейіп кетті. Ол байланыстарды көп жағдайларда ата-аналар бақылай алмай қалады. Осы аталған жағдайлардың барлығы өсіп келе жатқан ұрпаққа психологиялық және физиологиялық жағынан, кей кездерде өміріне қауіп төндіреді».
«Ақ жолдың» депутаттары айтылған мәселені шешуде Европа елдерінде пайдаланып жүрген тәжірибесін  пайдалану керек ұсынады.
Қазіргі кезде Бұқаралық ақпарат құралдарында Европарламенттің үкімі қызу талқылануда. Онда 2017 жылдан бастап 16 жасқа толмаған балалардың ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерде тіркеліп, өз парақшасын ашуға тиым салу туралы айтылған.
Сонымен қатар, eMarketer аналатикалық компаниясының зерттеулері бойынша, әлемуеттік желіні пайдалану ережесіне сай, пайдаланушының жасы 13 жастан төмен болмауы талап етлгеніне қарамастан Facebook парақшасында 11 жастан жас балалардың әрбір бесіншісінің бейнесін салынған.
Европарламенттің қаулысына сәйкес Компаниялар әлеуметтік желілерде тіркелуде ата-анасының рұқсатын алуды немесе байланысты тиым салуға мүмкіндіктерді қарастырулары қажет.
Осыған байланысты, «Ақ жол» депутаттық фракциясы Премьер-министрдің Мәсімовтің атына аталған шектеулерді Қазақстанда да енгізуді ұсынады.
«16 жасқа толмаған балалардың ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерде тіркелуіне  тиым салу туралы өзгерістерді біздің ұлттық заңнамамызға да енгізу арқылы аталған мәселелердің алдын-алуға болады,-  деп сенеді «Ақ жолда».
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруда және өз сайлаушыларының нұсқауларын орындайды.