15
Маусым

Санат жоқ 15.06.2016

Ақ жол': Адал салық төлеушілерді ҚҚС бойынша тіркеу есебінен мәжбүрлі түрде алып тастау, кәсіпкерлік қызмет үшін нақты тосқауыл болып отыр

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 15 маусымы
 


Адал салық төлеушілерді ҚҚС бойынша тіркеу есебінен мәжбүрлі түрде алып тастау, кәсіпкерлік қызмет үшін нақты тосқауыл болып отыр - бұл туралы бүгін Мәжілістің пленарлық отырысы барысында Екатерина Никитинская мәлімдеді.
Салық кодексінің 571-бабының негізінде ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік кірістер органдарымен ҚҚС бойынша салық төлеушілердің тіркеу есебінен алып тастау бұқаралық тәртіпте өткізілді. Тек Ақтау қаласы бойынша олардың саны 900-ден астам салық төлеушілерді құрады.
«Жоғарыда көрсетілген бапқа сәйкес салық органы шешімінің негізінде ҚҚС бойынша тіркеу есебінен үздіксіз келесі екі салықтық кезеңдерінің ішінде төлеуші ҚҚС бойынша декларацияда салық төлеушінің айналымдар мәліметтері бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, тауарларды өткізу және сатып алу туралы көрсетпеген жағдайда салық төлеушісін хабарламай шығару жүргізіледі,- делінген сауалда. - Қараудан алып тастау туралы шешім ҚҚС бойынша тіркеу есебінен көрсетілген жағдайда, салық органы декларацияда көрсетілген ҚҚС бойынша ұсынылған айдың соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей, 4-тармағының 6-тармақшасында көрсетілген тіркеу есебінен шығару туралы шешімін  шығарады».
Бұл өзгеріс 2015 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді. Алайда, ағымдағы жылдың сәуір айында ҚҚС-нан есептен шығару кезінде, салық төлеушілер категориясына 2015 жылдың 3 және 4-тоқсандарға арналған декларацияда ҚҚС-сыз айналымдар туралы мәліметтері енгізілмеген және ҚҚС-сыз айналымдар туралы мәліметтерін нақты болмағанына байланысты '0' көрсеткішімен енгізген салық төлеушілерін кіргізген.
«Экономикалық дағдарыс қысқа мерзімді көптеген жұмыс істеп тұрған салық төлеушілердің айналымдарының болмауын қысқартуларға әкелді,- деп атап өтті Никитинская. - Бұл жағдайда олардың кінәсі жоқ. Әрине, мұндай жағдайда салық органының шешімі бойынша ҚҚС есептен шығару үшін негіз бола алмайды».
Салық Кодексінің 573-бабының 5 тармағына сәйкес салық органының шешімі бойынша ҚҚС есептен алынған салық төлеушілер үшін электрондық цифрлық кілттер жойылады. Сонымен қатар, бұл салық төлеушілер мәжбүрлі түрде (яғни, ерікті түрде емес) шешілген болса,  олар тиісті шешім қабылданған күннен бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тек екі жыл өткеннен кейін қайтадан тұра алады. Сонымен қатар осы салық төлеушілердің көбінің лицензиясы бар және әр түрлі тендерлерге жүйелі түрде қатысады.
Осылайша, адал кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін қалыптасқан әкімшілік тәжерибесі нақты кедергі болып отыр.
«ҚҚС бойынша есептен шығару барысында салық төлеушілерді өткізу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу айналымдары болмағандар мен  ҚҚС бойынша декларацияларында көрсетпейтін тұлғаларға бөлу мақсатында дербес қаралуы тиіс,- деп санайды «Ақ жолда». - Айналымның болуы немесе нақты болмауы салық органдарының қызметкерлерімен компьютердің бір батырмасын басу арқылы және камералдық бақылау бағдарламасы бойынша іске қосу арқылы оңай тексеріледі».
Осыған байланысты, фракция депутаттары уәкілетті мемлекеттік органнан қалыптасқан жағдайды талдап, адал салық төлеушілердің заңды құқықтарын қорғауға жәрдем көрсетуді сұрайды.
'Ақ жол' ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда және адал кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауда.