21
Маусым

Санат жоқ 21.06.2016

Ақ жол' партиясы бюджет қаражатын пайдаланудағы жоспарды орындамағаны және мемлекеттік бағдарламаларды тапсыруды бұзғаны үшін шаруашылық орынбасарларын емес, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жазалауды талап етеді

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 21 маусымы
'Ақ жол' партиясы бюджет қаражатын пайдаланудағы жоспарды орындамағаны және мемлекеттік бағдарламаларды тапсыруды бұзғаны үшін шаруашылық орынбасарларын емес, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жазалауды талап етеді – бұл туралы 2015 жылға бөлінген бюджеттің орындалуы Парламент палаталарының бірлескен отырысында өткен аптаның жұма күні, туралы Үкіметке берілген Есебінің талқылану барысында  демократиялық фракция депутаттары мәлімдеді.
«Бюджеттік бағдарламаларды тапсыруды бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жауапкершілікке  бағытталған өзгерістерді  Бюджет кодексіне енгізу туралы Түсіндірме жазбада делінген,- деп жүгінді фракциясының мүшесі Ерлан Барлыбаев. – Әріптестер қаржылық бұзушылықтары бойынша аз мысалдар келтірген жоқ, бірақ министрліктердің  бірінші басшыларының ішінде нақты кім жеке жауапкершілікті мойнына алды?».
Естеріңізге сала кетейік, 'Ак жол' фракциясы өзінің бүкіл қызметі бойына Парламентте министрлер мен басқа да мемлекеттік органдардың басшыларынан қаржылық бұзушылықтар және мемлекеттік бағдарламаларды тапсыруды бұзғаны үшін тікелей жауапкершілікті мойнына алуды табанды түрде талап етеді, бұл пікір-талас үнемі баспасөзбен жарияланады.
 
Е. Барлыбаевтың сұрағына, бұл министрліктер мен ведомстволардың бірінші басшыларының жауапкершілігі әрқайсысымен дербес тәртіпте жасалатын жеке меморандумдармен анықталады деген  жауап берілді.
 
Алайда 'Ақ жол' ҚДП фракциясы осындай жауаппен қанғаттандырылмады. Өз сөзінде партия төрағасы Азат Перуашев мемлекеттік бағдарламаларды тапсыруды бұзғаны бойынша, сондай-ақ қаржылық бұзушылықтар бойынша деректер келтірді: сонымен, 'Ақпараттық Қазақстан – 2020' бағдарламасының  жүзеге асыру қорытындысы бойынша, анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 145 млрд. тг. -ні құрады. Құрылыс істері жөніндегі Комитеті Бойынша, ҰЭМ жер ресурстарын басқару комитеті және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығымен 32,7 млрд. тг сомада қаржылық бұзушылықтар анықталған.
'Жергілікті қамтуды дамытуға жәрдемдесу' бағдарламасы бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеген. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуда қазақстандық қамтуы 8% төмендеді. 'Қабілеттіліктік бәсекенің жаһандық индексі' рейтингінде Қазақстан үшін осындай 'бизнесті ашудағы рәсімдердің саны' деген маңызды көрсеткіші орындалмады. Ол бойынша жоспарланған 43 орынның орнына, 2013 ж  салыстырғанда 10 позицияға түсіп, ел тек 57-ші орынға ие болды.  Тағы да сол сияқтылар.
 
Және бірінші басшыларының жауапкершілігінің  талабы қалай жүзеге асырылды?
Бюджеттік қаражатты игеру мониторингі қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдар бойынша 24 адам жауапқа тартылған, оның ішінде тәртіптік жауапкершілікке 1 адам тартылды, қалғандары сөгіс, ескертулер алды және т. б. Жергілікті атқарушы органдарда 29 адам жазаланды, соның ішінде 3 адам атқарып отырған лауазымынан босатылды, қалғандарына сондай-ақ, сөгіс және ескертулер жарияланды.
 
Бұл ретте министрліктердің бірінің басқармасының басшысы және техникалық-пайдалану бөлімінің бастығы үйреншікті тілмен айтқанда – Семей қаласының провинциалды жоғары оқу орнының завхозы (!) бұзылған бағдарламалардың  және миллиардтарды тиімсіз пайдаланғаны үшін  жазасын өтеуде ең жоғары қызметтегі шенеуніктер болып табылды.
 
Сонымен, Түсіндірме жазбада айтылған бірінші басшылары қайда? Неге олар меморандумдар мен өз қарамағындағы қызметкерлерінің артына жасырынады? – деп А. Перуашев әріптесінің сұрағын қайта қойды.
 «Бұл жерде жеке меморандумдарға сілтемелердің қабылдануы мүмкін емес, өйткені ешқандай меморандумдар Бюджет кодексінің талаптарын жоғары емес»  - деді ол.
'Ақ жол' фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтың осы сөзінен кейін Есепті талқылау тоқтатылды.