27
Маусым

Санат жоқ 27.06.2016

«Ақ жол»: Инфрақұрылымға кеткен үлкен шығындар кері әсерін тигізеді

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 27 маусымы
 
Неге инфрақұрылымға кеткен үлкен шығындар кері әсерін тигізеді? – осы сұрақпен өткен аптада Үкіметтің атына 'Ақ жол' партиясының депутаттары жүгінді.
«Елбасымыздың 2012 жылғы 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елдердің 30 на кіру міндетін қойды,- делінген Барлыбаев Ерланмен жарияланған сауалда. - Бірақ кейінгі рейтингте Қазақстан, өткен жылмен салыстырғанда бірден 13 сатыны жоғалтып, тек 47-орынға табан тіреген».
IMD (Ай-Эм-Ди) халықаралық бәсекеге қабілеттілік рейтингі бұл елдерде жұмыс істейтін 5 мыңнан астам кәсіпкерлердің сауалнамаларына негізделеді, соның ішінде шетелдік инвесторларға, төрт топтың критерийлері бойынша: экономикалық даму, биліктің тиімділігі, бизнес-орта, инфрақұрылым. Осы бағыттардың барлығы бойынша дерлік бизнесмендер Қазақстанды өте сынға салып бағалады.
Алайда, бұл ретте Е. Барлыбаев атап өткендей, Қазақстан халықаралық бизнестің қабылдауы бойынша 48 орынға түскен, инфрақұрылымды дамыту сияқты маңызды индикаторы бойынша біздің еліміздің құлдырауы абыржуды тудырады.
 
Бірінші бесжылдықтың басынан бастап ҮИИДМБ, 'Бизнестің жол картасы' және басқа бағдарламаларына, мемлекет жүздеген миллиард теңгені, атап айтқанда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бөлген. Мысалы, 2013 жылдың жазында, тек 2012 жылы ғана ҮИИДМБ шеңберінде бөлінген 842 млрд. теңгені тиімсіз пайдалану туралы 'Ақ жол' фракциясының сынына жауап бере отырып, индустриялық жобаларға осы сомадан тек 12 млрд. тенге ғана бөлініп, ал қалған қаражат, яғни шамамен 830 млрд. тенге, инфрақұрылым мәселелерін шешуге бөлінген шығар,- деп индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі хабарлаған.
Бүгінгі күні индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығының жүзеге асырылып жатқандығы белгілі. Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамыту 'Нұрлы жол' бағдарламасының негізгі міндеті болып отыр. Сондай-ақ, бұл бағдарламаға да, миллиардтаған қаражат жіберіледі: мысалы, бір ғана 2015 ж. тек қана Ұлттық қордан 770 млрд.теңге бөлінген. Алайда, дәл осы бағытта күтімдерге қарсы, түрлі қымбат инфрақұрылымдық жобаларға алып қаражаттардың бөлінгеніне дейінгіден де, тіпті нашар нәтиже байқалады.
 
Осыған байланысты, 'Ақ жол' ҚДП депутаттық фракциясының атынан Ерлан Барлыбаев Үкіметке мынадай сұрақтармен жүгінді:
Егер осындай үлкен шығындармен 30-шы орныннан 47-ші орынға құлаған болсақ, түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша инфрақұрылымды дамытуға бөлінетін қаражаттар тағайындалғанға дейін жетеді ме?
Еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің әсерін күшейтуге болмауына байланысты 'Бизнестің жол картасы' және 'Нұрлы жол' индустрияландыру бағдарламаларын түзетуге Үкімет ниеттене ме?
Егер осындай рейтингтер шындыққа сәйкес келмесе, қаражат тиімді жұмсалса, ал біздің бәсекеге қабілеттілігіміз төмендемей, өссе, - онда жоғарыда аталған рейтингті түзету бойынша жұмыстарды жүргізуге Үкімет ниеттене ме?
«Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің тізіміне кіру бойынша бұл міндеттерді іске асыру дәл осы халықаралық рейтингтері бойынша бағаланады, яғни, олармен санаспау немесе оның үстіне ескермеу, біздің ойымызша, мүмкін емес» - деп сенімді Ерлан Барлыбаев.