30
Маусым

Санат жоқ 30.06.2016

Ақ жол' партиясы Қазақстан халқын жəне еліміздің Президенті Н.Назарбаевты айтулы оқиға - Қазақстанның БҰҰ-ның Қауыпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуымен құттықтайды

        2016 жылдың 30 маусымы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі



'Ақ жол' демократиялық партиясы Қазақстан халқын және еліміздің Президенті Н. А. Назарбаевты айтулы оқиға – Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуымен құттықтайды.
Бұл, жас мемлекеттің тарихи жетістігі, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Тәуелсіздігіміздің бастауында Семей ядролық полигоның жабылуы және ядролық қарудан бас тарту бастау болған Қазақстанның және оның Көшбасшысының әлемдік рөлін тануы.
Қазіргі терроризмнің күрт асқыну жағдайында, жалған мемлекеттік құрылым ИГИЛ-ге қарсы күрестің жалғасу жағдайында, Таяу Шығыста, Парижде, Брюссельде, Стамбулда, қазақстандық Ақтөбеде болған қанды лаңкестік актілер жағдайында БҰҰ-ның қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып біздің Республикамыздың сайлануының мәнін асыра бағалау мүмкін емес.
Біріккен Ұлттар ұйымының жоғарғы органының құрамына кіре отырып, Қазақстан  халықаралық қоғамдастықтың тұрақтылығының және бейбітшілік жолсеріктерінің, жалпы адамзаттық өркениетті қорғаушылардың алдыңғы қатарынан көрінеді.
Бұл жұмыста біздің еліміздің дауысының маңызды және елеулі болуына сенімдіміз.