Мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардағы корпоративтік сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу үшін 'Ақ жол' партиясы Қылмыстық кодекске түзетулер дайындады
'Ақ жол' ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 11 шілдесі
Квазимемлекеттік сектордағы корпоративтік сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу үшін 'Ақ жол' партиясы Қылмыстық кодекске түзетулер дайындады - бұл туралы өткен бейсенбі күні Азат Перуашев «Время» газетіне берген сұхбатында хабарлады.
Демократиялық фракцияның көшбасшысы Парламенттік сессияның аяқталу кезеңін пайдаланып мемлекеттік холдингтер және ұлттық компаниялардағы шығындар туралы сын айтты, атап айтқанда бұл жүйедегі сатып алудың ашық еместігін ашып айтты.
'Бірнеше жыл бұрын «еншілестері» бар холдингтерді 'Мемлекеттік сатып алу туралы' заңынан босатты, ондай шешіммен 'Ақ жол' партиясының депутаттары сол кезде де келіспеген. Енді 'мемлекет бизнесмендері' сатып алуды да өз ережелерімен жүргізеді, мемлекеттің ақшасын айналымға түсіріп жатса да олар тәртіп бұзғаны үшін өздеріне-өздері жауап береді... Мұндай іс-әрекеттер сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне байланысты', - деп есептейді депутат. Осы саладағы адал бәсекелестіктің принциптерінің бұзушылықтары туралы 'Ақ жолға' бизнес өтініштері келіп түсуде,- деп атап өтті. 'Бірақ тіпті тікелей фактілер болса да ... заңнама бойынша сыбайлас жемқорлық бұзушы субъектілері болып тек мемлекеттік қызметкерлер саналады. Ал ұлттық компаниялардың менеджерлері және басқа да 'еншілестіктер' мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды! Сондықтан оларға барлығы бола береді'.
Азат Перуашев еске салып өткендей, квазимемлекеттік сектордың сатып алуын реттейтін заң жобасына енгізу туралы 'Ақ жол' фракциясының бірнеше мәрте талаптарына - үкімет екі рет (2015 жылғы 23 сәуірде және 11 тамызда) жауап беруден бас тартты. 'Ал заң жоқ болғандықтан - оның бұзылуы туралы ақпарат та жоқ, тіпті бұзушылықтардың өздері формальды түрде де жоқ, өйткені бұзылатын да ештеңе жоқ'.
«Демек, біз осы саладағы теріс пайдаланудың шынайы ауқымын тіпті көзімізге де елестете алмаймыз... өтінішпен келетін кәсіпкерлер – мәселенің тек беті ғана. Квазимемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің жасырын бөлігін жарыққа шығару керек... Ерте ме, кеш пе құпиялылық аныққа айналады, ал осы схемалардың артында тұрғандардың көбіне заң алдында жауап беруге тура келеді»,- деп санайды «Ақ жолда».
Осыған байланысты, Азат Перуашев фракция жаңа заңнаманың қабылдануы емес, ал қолданыстағы заңнама түзетулер енгізу арқылы проблеманың шешімін әзірледі,- деп мәлімдеді.
«Біз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 1, 8, 10, 11 және 18 баптарына түзетулер әзірледік, және әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодесінің 30, 676, 677, 678, 680 және 681 баптарына, сонымен қатар қылмыстық Кодексінің 3-бабының 16), 26), 27) және 28) тармақшаларына түзетулер әзірледік, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу қатарына шенеуніктерді ғана емес, сондай-ақ ұлттық компаниялардың, холдингтер мен мемлекеттік кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларын да қосуды ұсынамыз.
Ағымдағы жылдың 14 маусымында, 'Ақ жол' ҚДП бұл ұсыныстарды зерделеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросына жіберді, ал күзде оларды Парламентке енгізеді.
«Мемлекеттік қаражатты шашу 'дүңгіршегі' қысқарады. Қалай болғанда да, біз бұған бар жігерімізді жұмсайтын боламыз', - деп түйіндеді А.Перуашев.