Депутат Ұлан ауданында болды
«Ақ жол» баспасөз қызметі, 2016 жылдың 12 шілдесі
Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембиновтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары жалғасуда. Бол жолы ол аталған облыстың Қ.Қайсенов атындағы ауылында сайлаушыларымен кездесіп, оларды толғандырып жүрген мәселелермен танысты.
Алғашқы кездесу жергілікті ішкі істер басқармасында өтіп, Б.Дүйсенбинов тәртіп сақшыларының жұмыстарымен танысты.
«Біздің мақсат сіздердің жұмыстарыңнан кемшілік іздеу емес, сіздердің ұсыныстарыңызды есту. Біздің комитет реформаның іске асуын, соның ішінде 30-шы қадамды маниторинг жасау. 100 қадамның ішіндегі құқықтық реформа ең маңызды нәрсе. Адамдардың сенімін қайтару керек. Қазір адамдар милицияны айналып қашады. Сондықтан милиция мен халықты жақындастыру кажет. Бұл ЖПҚ ның мақсаты».
Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов қазыргі таңда жұртшылықтың назарында тұрған ең үлкен проблемалардың бірі сібір язвасы туралы Ұлан ауданының жергілікті ветеринарлық инспекциясынын жұмысымен танысу барысында әңгіме қозғады. Бұл инспекция ветеринарлық қадағалау және бақылаумен айналысады. Жұмыскерлердің айтуы бойынша бұл мал ауруының ошақтарын дер кезінде тауып, оларды қоршауға алады да вакцинация жасайды. Улан ауданында бұрын 16 округ, 30 шақты штат болатын, уақыт өте штаттын саны 10-ға дейін түсті. Себебі қаржыландыру жоқ. Сонымен қатар Улан ауданында акім тарапынан вет отдел ашты біздің бюджет пен штат соған кетті. Ол вет отдел комуналдық мемлекеттік кәсіп орын ашты, оның өз директоры бар. Олардың міндеттері вакцинация жасау, малдын қанын алу,сырғалау, оларды базаға енгізу.
Бұдан соң депутат жергілікті ұлттық спорт түрлеріне арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болып, жас спортшылармен жүздесті.