13
Шілде

Санат жоқ 13.07.2016

«Ақ жол» партиясының 'Теленді' ТК тұрғындарын қорғау үндеухатын Прокуратура қанағаттандырды

 
'Ақ жол' баспасөз қызметі, 2016 жылдың 12 шілдесі
     «Ақ жол» партиясының 'Теленді' ТК тұрғындарын қорғау үндеухатын Прокуратура қанағаттандырды – құрылыс салушыға заңдылықтың бұзылуын жоюға қатысты нұсқама берілді, ПИК төрағасына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу материалы қозғалды. Бұл туралы жақында прокуратураның ҚДП хатына берілген жауабынан белгілі болды.
Үйдің тұрғындары партияға құрылыс салушының және 'Водолей' пәтер иелерінің тұтыну кооперативінің  тарапынан заңсыз әрекеттеріне шағымданды. Пайдалануға беру мерзімін бұзу, көптеген аяқталмаған жұмыстар, коммуналдық қызмет көрсету тарифтерін заңсыз жоғарылату, заңды түрде тіркелмеген ПИК тарапынан болған алаяқтық мәселелері қозғалды.
Осы шағым бойынша партия төрағасы А. Перуашев ҚР Бас прокуратурасының атына мекен-жайы жазылған фактілерді тексеру және олардың расталған жағдайда прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану үшін тиісті мәлімдеме жіберді.
 
«Құрылыс салушыға қатысты тексеру нәтижесінде ҚР МСҚБ Басқармасымен Әқбк-ң 323-бабында көрсетілген заңды бұзушылыққа байланысты хаттама жасалып, сәулет саласындағы және қалалық құрылыс заңдылықтарын бұзу туралы жіберілген кемшіліктер түзетілсін», - делінген Астана қаласының Прокуроры С. Бекбосынов қол қойған ресми жауапта.
Сонымен қатар, хатта атап өтілгендей, Астана қаласының ІІД  ПИК төрағасы А. Байжұмановқа қатысты 'Аса ірі мөлшердегі алаяқтық ' бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу материалы қозғалды.
 
'Ақ жол' ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және қатардағы қазақстандықтардың заңды құқықтарын қорғау жұмысын жалғастыруда.