Депутаттар Ақтөбе жұртшылығымен кездесті
«Ақ жол» баспасөз қызметі, 2016 жылдың 22 шілдесі
«Ақ жол» партиясының атынан сайланған Мәжіліс депутаты Дәния Еспаева мен 'Ақ жол' партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Асқар Садықов Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, 'Яйсан' ауылында болып, сайлаушылармен кездесті. Кездесу барысында сайлаушылар, аудан тұрғындарының басты мәселесі ол-аудан орталығымен арадағы қатынайтын жолдың төмен жағдайы мен мектеп, газ және басқа да мәселелердің бар екенін айтты. Кездесу барысында, аудандық «Яйсан» көп салалы колледжінде болып, жағдайымен танысты. Колледж, бүгінгі күнгі заманауи жабдықтар мен құралдармен жабдықталған, керекті мамандармен толықтырылған, Сонымен қоса, екінші деңгейдегі банк бөлімдері жетіспейтінін, жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтты. Кездесу барысында депутат Д.Еспаева Мәжілістегі заң шығару барысы туралы, бүгінгі күні үлкен қоғамдық пікір туғызып отырған жер мәселесі туралы 'Ақ жол' партиясының ұстанымы жайында айтып, сайлаушылардың пікірін тыңдады.
«Ақжолдық» депутаттар сондай-ақ осы облыстың Қарғалы ауданы, 'Степное' ауылында болып, сайлаушылармен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі, аудан тұрғындарының басты мәселесі ол-облыс орталығымен арадағы қатынайтын жолдың төмен жағдайы екенін айтты. Кездесу барысында, аудандық ауруханада болып, аурухананың жағдайымен танысты. Аудандық аурухана, бүгінгі күнгі заманауи жабдықтар мен құралдармен жабдықталған, керекті мамандармен толықтырылған, палаталары телевизор, тоңазытқыш секілді керекті техникалармен толық жарақтандырылған. Жүрек ауруынан басқа ауруларға ота осы аудандық ауруханада жасала береді екен. Сайлаушылар, аурухана жұмысына жоғары баға беріп, көңілдері толатынын айтты. Сонымен қоса, екінші деңгейдегі банк бөлімдері жетіспейтінін, жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтты. Кездесу әрі қарай, орта-кіші кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысуға жалғасты.