11
Шілде

Санат жоқ 11.07.2016

«Ақ жол» Алматы облысындағы тұрғындардың жер теліміне қатысты құқықтарын қорғады

 
2016 жылдың 11 шілдесі, 'Ақ жол' ҚДП баспасөз қызметі
         «Ақ жол» Алматы облысындағы тұрғындарының жер теліміне қатысты құқықтарын қорғады.
«Ақ жол»ҚДП мекенжайына С.Жүсіпова мен Д.Накупованың атынан Алматы облысындағы Талғар ауданы Тұздыбастау ауыл аймағындағы жер телімін беруге заңсыз бас тарту мәселесі бойынша шағым келіп түсті.       Осыған орай, Бас прокуратурадан келіп түскен жауапта, жердің беруден бас тартуына негізгі себеп көрсетілмеген.
Ескере кететін болсақ, өтініш берушілерге жер телімін бөліп беру 2013 жылы болып өткен конкурстың негізінде шешілген, сонымен қатар жер телімін  алу үшін барлық қажетті инстанциялардан өткен. 
Алайда, Талғар ауданындағы Маслихаттың (№ 54-303 2016 жылдың 5 ақпаны) шешімі бойынша Жер кодексінің 44-1 бабына сілтеме жасалып  лот алынып тасталған.
Өтініш берушілер Тұздыбастау ауылды аймағының әкімшілігіне жүгінген, бірақ жауап алмаған. Осыдан кейін олар «Ақ жол» партиясына жүгінуге мәжбүр болған.
Жүсіпова мен Накупованың өтініші бойынша Алматы облысының әкімшілігіне және Бас прокуратураға тиісті хаттар жолданған.
«Тұздыбастау ауылдық аймақтың әкімімен өтінішті қарау тәртібі бұзылған және өтініш берушілердің сұранысын қанағаттандыруда негізсіз бас тартылған, - делінген Бас прокуратудан келген хатта. – Талғар ауданының әкімінің атына заңдылықты бұзуды жою туралы ұсыныс енгізілді.»
«Ақ жол» ҚДП және парламенттік фракциясы заңды құқықтарды және қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғаудағы жұмыстарын жалғастыруда.