17
Сәуір

Санат жоқ 17.04.2016

Ақ жол' партиясың үндеухатынан кейін ІІМ-гі Алматы көшелерін бөлгіш қоршауларды неғұрлым қауіпсіз бөлгіш қоршауларға ауыстыруға келіскен

 «Ақ жол» баспасөз қызметі, 2016 жылдың 17 сәуірі
'Ақ жол' партиясың үндеухатынан кейін ІІМ-гі Алматы көшелерін бөлгіш қоршауларды неғұрлым қауіпсіз бөлгіш қоршауларға ауыстыруға келіскен. 
Азамат К. Иванцовтың өтініші бойынша, 'Ақ жол' партиясының басшысымен автокөліктерге жүргіншілік қоршау арқылы қарама-қарсы бағытқа ұшып кетуге жол бермеу мақсатында, сондай-ақ ЖКО ықтимал болған кезде жақын келе жатқан көліктерге қоршау элементтерінің түсуін болдырмау үшін, Алматы қаласының көше-жол желісінің бөлу жолағының    жаяу жүргіншілердің қоршауларын бетон немесе роликті қалқаға ауыстыру қажеттілігі туралы ІІМ мекен-жайына хат жолданды.
 ІІМ-нің жауабында хабарланғандай, жол учаскелерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қосымша тексеру нәтижесінде, ЖКО кезіндегі салдарының ауыртпалығын азайту үшін Алматы көше желісінің бөлінетін жолақтарында екінші топ (сүйеніштер типті конструкциялар немесе торлар) қоршауларын   бірінші топ жол қоршауларына (доңғалақ соққылау брустары, бетон блоктар) ауыстыру қажеттілігі белгіленген.    
«Әл-Фараби даңғылы, Шығыс айналма автожолы, Саин, Момышұлы, Райымбек даңғылы, Рысқұлов даңғылы, Курджин тас жолы және Бұқтырма к-сі бойынша бөлінетін жолақтарында екінші топ жол қоршауларын бірінші топ жол қоршауларына ауыстыру қажеттілігі туралы «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңының 17-бабына сәйкес Алматы қаласының Әкімдігіне ұсыныстар (21.04.2016 жылғы №5/5-29-3539 хат) жолданды»,- делінген министр Қасымовтың қолы қойылған хатта.
'Ақ жол' ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және сайлаушылардың талап-тілектерін орындау жұмысын жалғастыруда.