Халық қалаулысы Ақтөбе жұртшылығымен кездесті
«Ақ жол» баспасөз қызметі, 2016 жылдың 27 шілдесі
Ақтөбе қаласындағы 'Казкомбанк' ғимаратында, Мәжіліс депутаты Дания Еспаеваның жергілікті 'Казкомбанк' ұжымымын кездесуі болып өтті. Кездесуге жиналғандар депуттатты орындарынан тұрып, қол шапалақтап, қызу қарсы алды. Мұның тағы бір себебі, депутат Д.Еспаева бұрын осы мекемені көп жылдар басқарған болатын. Кездесуде депутат Парламенттегі жұмыс барысы, заң қабылдау процедурасы және 'Ақ жол' партиясы атынан жолданып жатқан ұсыныстар мен заң жобасына толықтырулар туралы айтып берді. Кездесуге жиналғандар, өз мамандықтары, банк ісі бойынша туындайтын қиыншылықтар мен тағы да басқа өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алып жатты.
Келесі кездесу “Атамекен” демалыс орталығында, Қазақстанның 'Ақ жол' демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы ұйымдастыруымен “Жер - Ана” атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Дөңгелек үстел отырысына Қазақстан республикасының Мәжіліс депутаты Дания Еспаева, Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы, облыстық Мәслихат депутаты Асқар Садықов және тағы да басқа көптеген қоғам өкілдері қатысты.
Қатысушылар жерді шетелдіктерге жалға беруге, отандастарымызға сатуға және жалға беруге байланысты өз ойларымен бөлісті.
Келесі күні Қазақстан республикасының Мәжіліс депутаты Дәния Еспаева, облыстық мәслихат депутаты Асқар Садықов бастаған делегация Ақтөбе облысы, 'Степное' елді мекенінде болып, ауыл шаруашылығы мамандарымен, шаруалармен кездесті. Кездесу барысында Д.Еспаева Парламенттегі заң қабылдану мәселесі туралы, 'Ақ жол' партиясының ұсыныстары мен ұстанымдары туралы әңгімелеп берді. Шаруалар өздерін мазалаған мәселелер туралы сұрақтарын қойып нақты жауаптарын алды.
Сондай-ақ, Дәния Еспаева мен Асқар Садықов бастаған делегация Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, 'Яйсан' ауылында болып, сайлаушылармен кездесті. Кездесу барысында сайлаушылар, аудан тұрғындарының басты мәселесі ол-аудан орталығымен арадағы қатынайтын жолдың төмен жағдайы мен мектеп, газ тб. мәселелердің бар екенін айтты. Кездесу барысында, аудандық Яйсан көп салалы колледжінде болып, жағдайымен танысты. Колледж, бүгінгі күнгі заманауи жабдықтар мен құралдармен жабдықталған, керекті мамандармен толықтырылған, Сонымен қоса, екінші деңгейдегі банк бөлімдері жетіспейтінін, жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтты. Кездесу барысында депутат Мәжілісте, заң шығару барысы туралы, бүгінгі күні үлкен қоғамдық пікір туғызып отырған жер мәселесі туралы 'Ақ жол' партиясының ұстанымы туралы айтып, сайлаушылардың пікірін тыңдады, өте қызықты пікірталас болды.