05
Тамыз

Ұлттық банк басшысы 'Ақ жол' ҚДП сынын конструктивті деп атады

 

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Алматыдағы баспасөз конференцияда валюталық ипотекалық қарыз алушылардың қайта қаржыландыру бағдарламасы жайттары туралы әңгімеледі.
 «Біз, бағдарлама ипотекалық қарыздарын уақытында өтеген адал ниетті қарыз алушылардың мүдделерін ескермейді, осының нәтижесінде бағдарламаның критерийлеріне кірмейтіні туралы «Ақ жол» фракциясының сауалы бар екенін білеміз.  Алайда, бағдарлама ауыр қаржылық жағдайда немесе халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушыларға есептелгенін еске салғымыз келді.  Сондықтан, осы жағдайларда, біз бағдарламаның өзін түбегейлі өзгертпей және мұқтаж жандарға көмек көрсету дұрыс деп санаймыз»,- деді Ақышев.
 Оның айтуынша, 'басқа қарыз алушыларға, соның ішінде қаржыны ескере отырып, адал қарыз алушыларға көмек мәселесі талқыланатын болады, өйткені осы мәселені шешу үшін Ұлттық банк немесе үкіметтің тарапынан елеулі шығындар талап етіледі'.
 «Сондықтан, бұл мәселелер қаржыландыру мәселелерінен  қол үзбей шешілуі мүмкін емес. Менің ойымша, бұл келесі кезеңнің мәселесі. Біз «Ақ жол» фракциясының депутаттарын талқылауға шақыруға дайынбыз. Айтылған сын, конситруктивті болды. Біз келіссөзге дайынбыз, барлық шығындарды көрсетуге, барлық сандарды және осы мәселені бірлесіп шешуге дайынбыз»,- деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы.
Алдында, «Ақ жол» ҚДП Азат Перуашевтің қолымен хат жолдап, онда Ұлттық банкті ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру Бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізіп, адал қарыз алушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруды және ипотекасының жағдайларын нақты жеңілдетуді сұрайды.