11
Тамыз

Санат жоқ 11.08.2016

Суретшілер «Ақ жолдан» араша сұрайды

«Ақ жол» баспасөз қызметі, 2016 жылдың 11 тамызы

Бүгін «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалында қоғамдық қабылдау болып өтті. Бұл жолы кездесуде сурет салу өнерінің кейбір проблемалары жөнінде сөз қозғалды. Аталған партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Ақжоловпен Қазақстан Өнер Академиясының академигі Анарбек Нақысбеков және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі өнер қайраткері Амандос Ақанаевтар кездесті. Әңгіме қазіргі суретшілердің шығармашылығына кедергі болып отырған кейбір проблемалар төңірегінде өрбіді. Арнайы заң жоқ болғандықтан сурет өнерінде жүргендердің көптеген қордаланған мәселелері әлі шешуін таппай келеді. Суретшілер партия төрағасының атына дайындап келген хаттарын тапсырды. Алдағы уақытта бұл мәселенің Парламент деңгейінде көтерілетіне сенім білдірді.