Ескерткішке гүл шоқтарын қойды
«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық баспасөз қызметі, 2016 жыл. 17 тамыз.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Ақмола облысына сапары кезінде қаншама игі шараларға қатысты. Сапарының соңғы күні Көкшетау қаласында жақында ашылған Чернобыль апатынан зардап шеккендерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Бұл өткен жиырмасыншы ғасырда адамзатқа төтеннен келген атом апатының бір көрінісі еді. Қаншама бейбіп адамдар оның қауіп ошағы аластауға қатысты. Олардың қатарында көкшетаулықтар да жетерлік.
Биыл осы апат оқиғасына отыз толды. Ескерткіш те осы апатты жоюға қатысқан ерлерге тағзым ету үшін салынған еді. Меруерт Қазбекова өз сөзінде енді мұндай апаттардың адамзатқа зардабын салмасыншы деген тілегін жолдады.
Бақыт Смағұл