«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жыл.23 тамыз.
Бүгін Ақтөбе облысы, Қарғалы ауылдық әкімдігінде Мәжіліс депутаты Дәния Еспаева мен Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Асқар Садықовтың сайлаушылармен кездесуі болып өтті. Кездесуге партия белсенділері, Ардагерлер Кеңесі мүшелері және көптеген ауылдық округ тұрғындары, сайлаушылар қатысты. Кездесу барысында жемқорлықпен күрес, үштілдік білім беру жобасы, зейнетақы мөлшерінің шамадан тыс аздығы сияқты ірі мәселелермен қатар, 'кәріс суларын тазартатын станса' жұмысы, қосымша банк бөлімшелерін ашу сияқты күнделікті тұрмыс барысында кездесетін мәселелер сөз болды.