Н.Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин 1-қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Өкімі
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2016 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын».
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулин
Дерек көзі -
inform.kz