31
Тамыз

Ақтөбеде «Ақ орамал» акциясы болып өтті

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жыл.31 тамыз.



Ата заң күнін Ақтөбеде «ақжолдықтар» кең көлемде атап өтті. Осынау мерекеге арнайы «Ақ орамал» акциясы ұйымдастырылды. Акция «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы, облыстық маслихаттың депутаты Асқар Садықовтың ұйымдастыруымен болды. Оған партия ардагерлері, партия мүшелері қатысып, шара соңында «мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды.