Салық төлеу жүйесі салық төлеушінің түсінігіне жақын болу керек
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі,2016 жылдың 28 қазаны
Салық төлеу жүйесі салық төлеушінің түсінігіне жақын болу керек. Ал, қазіргі салық заңы тазартуды қажет етеді.Бұл туралы Мәжілістің Пленарлық отырысында салық салу және кедендік реттеу туралы заң жобасын талқылау барысында Азат Перуашев мәлімдеді.
«Бұл жерде бірыңғай салық саясатының тұжымдамалық мәселелеріне бөлек тоқталып өту керек. Ұсынылып отырған құжатта Салық Кодексінің өзінен басқа тағы да бес заң жобаларының белгілері байқалады.Олар салық кодексінің кейбір баптарына әсер етіп отыр»-деп атап көрсетті ол. 2008 жылдан бері осы салыққа байланысты Қазақстанда 138 заң шығару актілерінің өзгертулер мен толықтыруларға ұшырағанын да еске салып өтті.
«Солардың кейбірі салық Кодексінде көрінбейді»,-деп жалғастырды Перуашев.
«Салық Кодексінің өзі шым-шытырық, түсінікке ауыр. Әсіресе, шағын және орта бизнес өкілдеріне түсініксіз. Олар салық департаменттерін ұстап отырған жоқ қой. Өздеріңіз білесіздер отандық бизнестің 96-97 пайызы сол кәсіпкерлер» деп атап көрсетті «Ақ жол» жетекшісі.
Осыған орай «Ақ жол» фракциясы қазіргі салық заңын мұқият тазартуға, артық жерлерін алып, толықтырулар қосуды ұсынды.
«Ақ жол» Парламенттік фракциясы өзінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.