26
Қазан

Жастар тәрбиесі – қазақы салт-дәстүрде

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі,2016 жылдың 26 қазаны



26 қазан күні «Ақ жол-жастар» жастар қанаты Маңғыстау Гуманитарлық колледжінде «Жастар тәрбиесі – қазақы салт-дәстүрде» атты кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты: Жастардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып ата - дәстүрін танып білуге, ардақтауға, құрметтеп, мақтан тұтуға, имандылық пен адамгершілікке, аталы сөзден ғибрат алуға және қоғамда белсенді болуға тәрбиелеу.
Кездесу тізгінін «Ақ жол-жастар» жастар қанатының төрайымы Шаңбаева Гүлмайса Қонаққызы жүргізіп отырды.
Кездесуге Әл-Фатима қорының төрайымы, облыс белсендісі Әмина Күнзила Жақыпқызы, Қазақстанның Журналистер Одағының мүшесі  Тойған Тасқынбаева, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз хатшысы, «Ақ жол – жастар» жастар қанатының жетекшісі Исаева Алия Жангелдинқызы қатысты.



Кездесу барысында кеш қонақтары ұлттық тәрбие, ұлттық менталитет пен қазіргі қоғамдағы түйіткілді өзгерістер хақында ой бөлісіп, сөз сөйледі. Облыс белсендісі, «Әль-Фатима» қоғамдық қорының төрайымы Әмин Күнзила Жақыпқызы ұлттық киім мен салт-дәстүріміздің асыл дініміз  Исламмен ғасырлар бойы біте қайнасып, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің бір бөлшегіне айналғандығы туралы айтты. Сонымен бірге «Ақ жол-жастар» жастар қанатының баспасөз хатшысы Қойшығұлов Жанұзақ Дүйсенбайұлы ұлттық киім үлгілері туралы баяндама оқып, көпшілікке ұлттық киім түрлерінің маңызы төңірегінде ой қозғады. Еркін форматта өткен кездесу кешінде студент жастарға дәстүр туралы сұрақтар қойылды. Одан әрі Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  Тойған Тасқынбаеваның өзінің жастайынан шұғылданып келген ісі тігіншілік қол өнерін ортаға салып, қазіргі заманғы сән мен қазақы нақыш үйлесім тапқан киім үлгілерінен топтама көрсетілді. Кездесу соңында жастар көкейдегі сұрақтарын қойып, өз ойларын білдіріп, алғыстарын жеткізді.