Ашытқы зауытына байланысты мәселе қозғалды
2016 жылдың 28 қазаны, «Ақ жол » ҚДП-ның баспасөз қызметі
Мəжілістің соңғы пленарлық отырысында 'Ақ жол' фракциясының мүшесі Берік Дүйсенбинов ашытқы зауытының ащы проблемаларына байланысты мәселені қозғады . Онда былай делінген:
Осы жылдың 23-ші маусымында Ақжол фракциясы, Қазақстандағы тағамдық ашытқы өндіру саласындағы жалғыз отандық өндіруші - ААЗ қорғап, депутаттық сауал жолдаған еді. Аталмыш компания 40 жылдық тарихы бар ауылшаруашылық өңдеушісі болып табылады, өйткені шикізат ретінде қант қызылшасының қалдықтарын қолданып, нан тоқаш пісіруге қолданылатын ашытқы жасайды.Осы ашытқымен піскен нан әр Қазақстандықтың дастарханында тұр десек артық айтпаймыз
Бірақ, белгісіз себептермен, ААЗ 70% дейін азайтылған арнайы салық режиміне кіретін ауылшаруашылық өнімдерін өңдеушілердің қатарына кірмей қалды.
Белорусия мен Ресейдің осындай ұқсас өнім өндіруші компаниялары базалық 18%ставкадан жеңілдетілген ставкамен ҚҚС 10% төлеп отырған кезде, ААЗ толық көлемде 12% ҚҚС төлеп отыр.
Осының салдарынан отандық ашытқы сырттан келген бəсекелестерімен ішкі нарықтан ығыстырылуда.
Əр қазақ менің жалғызым демекші, Ақжол фракциясы үшін əрбір отандық өндіруші қымбат! Оның үстіне ААЗ отандық өндірістегі бүкіл бір сектордағы жалғыз тұрған мекеме!
Осы орайда тағамдық ашытқы өндіруді ҚР Салық кодексінің 267-бабы,2- тармағы бойынша жеңілдетілген бағыттарының қатарына қосуды ұсынған едік.
Өкімет өзініің жауабында ƏСҰ (ВТО)ның талаптарына сүйене отырып, жоғарыдағы мекемені қолдаудан бас тартқан еді.
Дегенмен ,ƏСҰ ның барлық мемлекеттері өздерінің кəсіпорындарын қолдаудың амалын ойлап табуда.
Сонау 2012 жылы Елбасымыз Өкіметке халықаралық тəжірбиені зерттеп, отандық өндірушілерді қолдау шараларын ойластыруды тапсырып еді, əлі күнге дейін басқа тапсырмаларында да осыны қайталауда.
Сұрақ: Өкімет салықтық ынталандырудың орнына қандай қолдау шараларын жасап шығарды жəне осы саланы қолдау үшін не істемек ойлары бар?