07
Қараша

Санат жоқ 07.11.2016

Шағын бизнес және өңдеуші кәсіпорындардың преференцияларынан бас тарту нәтіижесінде қосымша құн салығының шегін төмендету жағдайында Азат Перуашев алмастырушы шаралар ретінде төмендетілген қосымша құн салығының 3-5% мөлшерін енгізуді ұсынады

 «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 7 қарашасы
 
 Шағын бизнес және өңдеуші кәсіпорындардың преференцияларынан бас тарту нәтіижесінде қосымша құн салығының шегін төмендету жағдайында Азат Перуашев алмастырушы шаралар ретінде төмендетілген қосымша құн салығының 3-5% мөлшерін енгізуді ұсынады Бұл ұсынысты ол  өткен сәрсенбі күні Мәжілістің пленарлық отырысында жария етті.



Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 26 қазанда «Ақ жол» фракциясы бірінші оқылымда байланысты салықтық преференцияларын орналастыру бойынша түсініксіз болған шараларды ескере отырып, салық бойынша заң жобасын қолдауға Үкімет бас тартуды ұсынады.
 
Сондықтан, үлкен қоғамдық резонанс ҚҚС шегін төмендетуге және бұған дейін арнаулы салық режимін (АСР) қолданған көптеген шағын кәсіпкерлік субъектілерін ҚҚС төлеушілер разрядына аударуға әкелген. Осыған байланысты Азат Перуашев әзірлеушілердің түсіндемелеріне қарамастан, бұл шешім көлеңкелі экономиканы қысқартуда ықпал етпейді, керісінше салықтық жүктемені және шағын кәсіпорындардың шығыстарын ҚҚС бойынша есептілікті жүргізуді  арттырады, - деп қайтадан мәлімдеді.



Сонымен қатар, бұл жалған кәсіпорындармен байланысты сыбайлас жемқорлық схемасын АСР қолдану арқылы жиі жүзеге асырылатынымен депутат келісті. Сонымен қатар, АСР бизнестің өсімін ынталандырмайды, оны қызметін ұсатуға итеріп, өндірістегі инвестицияларды шектейді, өйткені айналымның асуы салық жүктемесінің күрт өсуіне әкеледі». Ол Өскемен қаласындағы  трамвай паркіне байланысты  жағдайды мысал ретінде келтірді, бірнеше жыл бұрын көптеген ЖК-ке бөлінген және әр трамвай формальды түрде жеке кәсіпкердің есебінде тұр. Осы паркті ұстауға Бюджеттен жүздеген миллион аударылып отырды, ал оның қызметінен түскен кіріс - 3% шегергендегі сол миллиондар, - кейбір деректер бойынша, шетелде тұратын іс жүзіндегі иесіне кетіп отырды. Және мұндай мысалдар аз емес.
Сондықтан осындай манипуляцияларды қысқарту мақсатында, инвестициялар мен ШОБ өсу үшін кедергілерді алып тастау, ҚҚС көшу ақталған болар еді. Мәселе тек қана біз дәл қандай ҚҚС туралы айтамыз, – деп атап өтті Азат Перуашев.
Кеден қоймасының режіміндегі салықтық преференцияларды жою – екінші тақырып болды. Солардың арқасында бұрын машина жасау, тамақ және басқа да салалардағы бірқатар өндірушілер табысты жұмыс істеп, шетел инвестициялары мен заманауи технологияларды тартқан. Енді жеңілдіктердің жойылуына байланысты, олардың өнімдерінің өзіндік құны 12% - ға өседі және бәсекеге қабілеттілігі кемиді.   
Осы жағдайларды ескере отырып, «Ақ жол» ҚДП фракциясы Үкіметке бұрынғы преференцияларды алмастыратын нақты шаралар ұсынды. Еуроодақ елдерін мысалы бойынша, - экономиканың басым секторлары үшін төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесін енгізу. 
 
Азат Перуашев мәлімдегендей,  төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі өндіру және технологиялық айналым және әлеуметтік-маңызды тауарлар мен қызметтер үшін іс жүзінде барлық ЕО елдерінде қолданылады. Бұл ретте:
1) Төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі тікелей заңнамамен белгіленеді және «жеңілдік» болып саналмайды, өйткені ДСҰ шеңберінде рұқсат етілген.
2) Нақты салалар үшін іс жүзінде ЕО барлық елдері бір мезгілде бірнеше төмендетілген мөлшерлемелерді қолданылады.
3) Әр түрлі ҚҚС мөлшерлемелерінің басқарылуы ерекше бір қиындықтар туғызбайды, себебі бірдей тауарлар түрінің бүкіл өндіру және іске асыру тізбегібойынша сол бір мөлшерлеме қолданылады.  
Мысалы, Ұлыбританияда жалпыға бірдей белгіленген жанама салықтың мөлшерлемесі 20% - ын құрайды; бірақ жеке мақсатта,  тұрғын үйді жөндеу және т. б. энергетикалық жабдық үшін белгіленген мөлшерлемесі - 5%. сумен жабдықтау қызметтері, тұрғын үй құрылысы, көлік, кеме - және авиақұрылыс, балалардың киім өндірісі, азық-түлік тауарлар үшін – 0%.
Швецияда, жалпыға бірдей белгіленген ҚҚС 25% мөлшерінде, қосылмағандығын, азық-түлік өнімдерін өндіру үшін төмендетілген мөлшерлемесі 12% құрайды. Жолаушылар көлігі, мәдени мекемелер үшін – 6%-дық мөлшерлеме  орнатылған.
Осыған ұқсас төмендетілген ҚҚС мөлшерлемелері бойынша тәсілдер сондай-ақ, Германияда, Нидерландта, Австрияда, Бельгияда, Финляндияда, Румынияда, Польшада, Латвияда, Чехияда және т. б. қолданылады.
 
Неғұрлым кеңінен төмендетілген ҚҚС мөлшерлемелері орта есеппен 0-ден 6% - ы ауыл шаруашылығы, азық-түлік, фармацевтика және медицина, машина жасау, оқу және спорттық орындары үшін қолданылады.
«Бұл жай сөздер емес, ал «Ақ жол» фракциясының ресми сұрау салуларына осы елдердің елшілігінің берген жауаптарындағы  деректерден – деп атап өтті А. Перуашев, және Қазақстанда да жойылған жеңілдіктер  үшін бұрынғы преференцияларын жоғалтқан салалары үшін, шағын бизнесте АСР режимін қоса алғанда қолданылатын төмендетілген салық 3-5% - өте оңды қадам болар еді»,- деп ойлаймыз.
 
Сонымен қатар, депутат атап өткендей, осыған ұқсас ұсыныс «Ак жол» фракциясымен 2013 жылдың қыркүйегінде енгізілген. Сол кезде Үкімет салық органдарының жұмысының  артуына жүгініп,  жауап беруден бас тартты. «Біз, осындай ақталуды тиімсіз деп санаймыз. – деп атап өтті осыған байланысты Азат Перуашев - біріншіден, себебі салық органдарының жүктелуі ҚҚС төлеушілерінің санын айтарлықтай ұлғайтуға кедергі жасамайды.  Во-первых, потому что загрузка налоговых органов почему-то не мешает им значительно увеличивать число плательщиков НДС.
Ал екіншіден, бұл экономика –  салықшыларға қызмет көрсетуге емес, салық органдары экономикаға қызмет көрсететуі тиіс».
Бизнес партиясы Үкіметтен салық заңнамасына  соңғы өзгерістердің күшіне енгеніне дейін (яғни, 2018-2019 ж. ж. дейін) бұл бастаманы қайта зерттеп, және экономиканың басым секторлары үшін төмендетілген ҚҚС мөлшерлемелерін енгізу туралы шешім қабылдауды талап етеді
 
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда.