20
Желтоқсан

Санат жоқ 20.12.2016

«Ақ жол»: Көрнекті ресейлік дипломаттың зұлымдықпен және қорқаулықпен өлтірілуін батыл айыптаймыз - Түркиядағы ресей елшісі Андрей Карловтың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айту

 

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылғы 20 желтоқсаны

Көрнекті ресейлік дипломаттың зұлымдықпен  және қорқаулықпен өлтірілуін батыл айыптаймыз – делінген Түрік Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі Андрей Карловтың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айту мәтінінде.

«Біз, бұл лаңкестік шабуыл ресей-түрік қарым-қатынастарын жолға қоюға ғана емес, сондай-ақ жаһандық геосаяси мәнге ие болған сирия мәселелерінің бейбіт түрде реттеуге қарсы бағытталған деп санаймыз, - деп атап көрсетілген Азат Перуашевтың ҚР-ғы РФ-ының Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарниковтың атына жолданған  хат мәтінінде. - Осы арандатушылықты  ұйымдастырушылардың ерте ме, кеш пе лайықты жазасын алатынына сенімдіміз».

Перуашев қаза тапқандардың  отбасы мен жақындарына, бүкіл ресей халқына ерлік пен табандылықты тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 19 желтоқсанда Анкарада Түркиядағы ресей елшісі Андрей Карловқа қарулы шабуыл жасалған. Дипломат көпшілік іс-шарадаауыр жарақат алып, кейіннен қайтыс болды. Ресей СІМ болған жағдайды лаңкестік шабуыл деп атады.

 
      
Көңіл айту хатының толық мәтіні