Азат Перуашев: Біз отандық өңдірушілерді қолдаймыз
«Ақ жол» ҚДП-ның Маңғыстау облыстық баспасөз қызметі, 2016 жыл. 25 желтоқсан.
25 желтоқсан күні 'Ақ жол' ҚДП төрағасы Азат Перуашев Маңғыстау облысына іс-сапары аясында ЖШС 'АктауОйлМаш' ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Азат Перуашев 'АктауОйлМаш' ЖШС-ның атқарылған жұмыстарымен танысып, алдағы жоспарлары туралы мағлұмат алып, танысты.
Сондай-ақ, 'АктауОйлМаш' ЖШС директоры Марат Рахметов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Спутник-Интеграция» ЖШҚ ресей компаниясымен бірлесіп «АктауОйлМаш» ЖШС құрылды және KPI (Ақтау қаласы) территориясында өндірістік алаңы 25000 кв.м. өндіріс салынды, «Морпорт Актау» ЕЭА территориясында жаңа зауыт құрылысы үшін аумағы 10 га жер телімі рәсімделгені жөнінде сөзге тиек етіп, АГЗУ, СИКН бойынша «АқтауОйлМаш» ЖШС базасында өндірістік жабдықтар ұйымдастырылған, олар мұнайгаз компанияларының қажеттіліктеріне сай әсіресе өлшеу жүйесі бойынша, динамикалық жабдықтар, серийлы блотық-модульді өнімдері, энергетикалық жабдықтар, Автоматтандыру бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде және бұдан әрі Қазақстан Республикасының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін және экспортқа шығуы үшін толық жобалық қуатын жүзеге асыру жоспарлануда - деп толық мәлімет беріп, таныстырып өттіп, өздерінің өзекті мәселелерін ортаға салды.
Сонымен бірге, Азат Перуашев 'АктауОйлМаш' ЖШС-ның атқарылған жұмыстарымен таныса келе, Біздің партия кәсіпкерлерді қолдап, барлық заң жобаларын реттеп, қандай мәселелер туындаса жан - жақты қолдап, көмек көрсететіндігін және отандық өнімді қолдайтындығын айтып жеткізді.
'Ақ жол' ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жаңбырбай Матаев өндіріс саласының өркендеуі кəсіпкерлікпен тығыз байланысты екендігін айтып, бір қатар мəселелер талқыланды.