26
Желтоқсан

Азат Перуашев Ақтау қаласында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына арналған асқа қатысты

«Ақ жол» ҚДП-ның Маңғыстау облыстық баспасөз қызметі, 2016 жыл. 25 желтоқсан.

Мұнайлы аудандық Ар-Рахман мешітінде Маңғыстау облысы 'Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағы' қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына арнап ас  берілді.

         Аталған шараға ҚР Парламент Мəжілісінің депутаты, 'Ақ жол' ҚДП төрағасы Азат Перуашев, 'Ақ жол' ҚДП төрағасының орынбасары Болат Өтепбаев,  'Ақ жол' ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жаңбырбай Матаев,  'Ақ жол' ҚДП Орталық кеңесінің мүшесі, Маңғыстау Индустриялды палатасының директоры  Жаңбырбай Доспаев, Ауған соғысы ардагерлері, Ар Рахман мешітінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.
         Мұнайлы аудандық 'Ар-Рахман' мешітінің  имамы  Айдос Муталиев қаза тапқан жауынгерлер рухына арнап құран оқыды.

         Сонымен қатар,  Азат Перуашев, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына арналған садақаның дастарханынан дәм татып, ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің ерлігін ұмытылмайтындығын айтып өтіп, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.

            Ауған соғысына елімізден 22 000 адам қатысты.  Олардың 761 көз жұмды, 21 адам із-түссіз жоғалып кетті. 
Тарихқа соғыс болып жазылған Ауған жеріндегі қиян-кескі шайқас туралы келер ұрпақ ұмытпай, ерліктерін жаттап өссе нұр-үстіне нұр болары хақ.