23
Ақпан

Санат жоқ 23.02.2017

Шенеуніктердің бюрократиялық қателігінен Қазақстан сейсмологтарының жұмысына жабылу қаупі төніп тұр

23 ақпан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі


Шенеуніктердің бюрократиялық қателігінен Қазақстан сейсмологтарының жұмысына жабылу қаупі төніп тұр - Екатерина Никитинская бұл жөнінде Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді.

Премьер-министрдің атына жолданған депутаттық сауалда “Қазақстанның шекарасы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Қауіпті аймақтан келтірілетін экономикалық зардапты азайтуға тек тұрақты сейсмикалық бақылау мүмкіндік береді. Аталмыш бақылау арқылы адамдардың өмірін құтқарып қалуға арналған қажетті шараларды қабылдауға, жоспарлау мен дұрыс баға беруге болады. 1927 жылдан бастап сейсмология Институтының ажырамас бөлігі ретінде (ҚР БжҒМ басқаруындағы) Сейсмикалық тәжірбиелі-әдістемелік экспедициясы Қазақстанда сейсмикалық мониторингтер мен бақылаулар жүргізумен айналысады. Соңғы жылдары мекеме 024 бюджеттік бағдарламасы бойынша Мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржыландырылып келді. (бағдарлама әкімшілігі - БжҒМ)».

 Бірақ 2017 жылға Мемлекеттік тапсырыстардың тізімін жасақтау кезінде табиғи монополияларды реттеу Комитетінің теріс шешімі кесірінен сейсмологиялық ақпараттарды мониторингтеу қызметі аталмыш тізімге енбей қалып, экспедиция қаржыландырусыз калған еді.

«Ақ жол» депутаттарына хабарласқан  сейсмологтар табиғи монополияларды реттеу Комитеті экспедиция қызметін ОКЭД 71209 «техникалық сынау және талдаумен айналысатын басқа мекемелер қызметі» кодының орнына, қателесіп ОКЭД 71122 «геологиялық  барлау мен ізденістер қызметі» кодына жатқызғанын тілге тиек етті. Бюджетте бұл салаға қаржы қарастырылғанын және 418 млн. теңгенің игерілмегендігі туралы сөз болды. Геологиялық барлау саласында шын мәнінде жүздеген кәсіпорындар жұмыс жасайды. Бірақ сейсмикалық бақылау және мониторинг геологиялық барлауға жатпайды. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» заңына сәйкес геологиялық барлау – пайдалы қазбалар кен орнын іздеу, табу және өндірістік игеру мақсатында арнайы әртүрлі геологиялық жұмыстардың кешені.

Бірақ сейсмология – техногендік және апаттық жер сілкінісін зерттейтін геологияның бөлімі. Және де елімізде осы сала бойынша қызмет ететін бір ғана мекеме бар. Ол аталмыш экспедиция.

«Бағдарламаның әкімшісі ретінде БжҒМ атынан Табиғи монополияларды реттеу Комитеті  осы және де өзге де дәлелдерді жеткізді. Бірақ Никитинскаяның мәлімдеуінше комитетке өздерінің бюрократиялық қателігін қайта карастырғаннан гөрі адам өмірі мен тыныштығын қатерге тіккен әлдеқайда оңайырақ сияқты. Қауіпті аймақта Қазақстанның шығыс мен оңтүстігінде өмір сүретін адам саны 9 млн. Ел қауіпсіздігі үшін экспедициянын барлық құрамы – 300-ге жуық сирек мамандық иелері атқарып отырған қызметтерінің маңыздылығын түсініп, қаңтар айынан бері қаржыландырусыз және жалақысыз жұмыс жасап келеді. Бірақ мұндай ерлік шексіз жалғаса бере алмайтыны анық. Сондықтан болашақта жағдай өзгермесе экспедиияға жабылу қаупі төніп, сейсмикалық жағдай бойынша бақылаулар тоқтауға мәжбүр».

Сейсмологиялық мониторингтің әлеуметтік-экономикалық жоғары маңыздылығын ескерген фракция депутатары Премьер-министр Б.Сағынтаевқа жүгінді. Аталмыш мәселе бойынша сейсмологиялық тәжірибелі-әдістемелік экспедицияның қызметін қалыпқа келтіру шараларын шұғыл түрде қабылдауға өтініш білдірді.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.