12
Наурыз

«Ақ жол»: депутаттық сауалдарға жауап әзірлеу кезіндегі салғырттық пен көзбояушылықтар үшін үкіметтік шенеуніктерді жауапкершілікке тартуды талап етеді

12 наурыз 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясы депутаттық сауалдарға жауап әзірлеу кезіндегі салғырттық пен көзбояушылықтар үшін  үкіметтік шенеуніктерді жауапкершілікке тартуды талап етеді – Азат Перуашев депутаттар көтерген мәселелерге Үкіметтің берген  формалды жауаптары туралы сауалды қайта жария етті. Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы 2013 жылғы 15 желтоқсанда жария еткенін естеріңізге саламыз. Бірақ, А.Перуашевтың айтуынша бұл тәжірибе қазірде сақталып тұр.
Мысал ретінде а.ж. 29 қаңтардағы Президент Н.Назарбаевтың Үкіметке ҮИИДБ-ның бірінші бес жылдығына қатысты нақты тапсырмаларын орындау барысы және нәтижелері туралы  депутаттық сауал келтірілді.
Онда «ақжолдықтар» ҮИИДБ 2010-2013 жылдардағы (әр жылға жеке) орындалу барысы туралы, оның ішінде Мемлекет Басшысымен 2009 жылы 15 мамырдағы «Нұр Отан» партиясының съезінде белгіленген индикаторлар бойынша ақпарат берудісұраған. Әңгіме мерзімі бойынша  орындалуы тиіс тапсырмалар жайлы болып отыр.
2015 жылға қарай агроөнеркәсіп кешенінде, экспорттың жалпы көлеміндегі ауылшаруашылық өнімдерінің үлесін  8 пайызға дейін жеткізу; Ең жақын арада (яғни 2012-2013 жылдарға) агроөнеркәсіп кешенінің жалпы қосылған құнын кем дегенде 16 пайызға арттыру, 10 мыңнан астам жұмыс орындарын құру тапсырылған болатын.
2015 жылға қарай құрылыс индустриясына, құрылыс материалдар нарығының қажеттерінің  80 пайызынан астамын ішкі өндірістің есебінен қанағаттандыру міндеті қойылған еді. Құрылыс кешенінің жалпы қосылған құны кемінде 76 пайызға өсірілуі тиіс болатын.
Мұнай өңдеу саласында 2014 жылға қарай (яғни, бүгінгі күнге) отандық мұнай өңдеуші зауыттар бензин және авиакеросин сияқты жоғары сапалы мұнай өнімдерімен ішкі қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыру; Отын-энергетикасы кешенінде жалпы қосылған құнды кемінде 30 пайызға көтеру мәселесін қойылған.
2015 жылға қарай металлургияда өндіріс көлемін және металлургиялық өнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығаруды 2 есеге арттыру; Металлургияда жалпы қосылған құн кемінде 107 пайызға өсуі тиіс деп тапсырылған.
Фармацевтика саласына 2014 жылға қарай дәрі-дәрмектер құралдарын ішкі тұтынудың 50 пайыздан астамын отандық өндірістің есебінен және т.б. қамтамасыз етуді тапсырған. Бірақ, мысалы, фармацевтикалық өнімдерді өндірушілер Қауымдастығы белгіленген 50 %-ң орнына тек 37 %-ға жеткені туралы, яғни іс жүзінде денсаулық министрлігі атынан уәкілетті органның кінәсінен салалық бағдарламаның орындалмағаны туралы хабарлайды.
А.ж. 28 ақпанындағы Үкіметтің ресми жауабында біздің сауалға қатысы жоқ, жалпы ҮИИДБ-ын іске асыру барысындағы қол жеткізген бағыттар бойынша жетістіктері ғана баяндалған, - деді А.Перуашев. - Бірақ, келген жауапта Президенттің аталған бағдарламаға рұқсат беру кезіндегі сөйлеген сөзінде нақты мақсатты міндеттер ретінде қойған көрсеткіштерінің бір де бірі туралы сөз  айтылмаған.
Үкіметтің жауабында ҮИИДБ шеңберінде қаржыландырылған, оның ішінде жобадағы қуатына шықпаған, тұрып қалған немесе жұмысын тоқтатқан жобаларды көрсетіп, индустриялық жобалардың тізімін берудің орнына – дәйек сөз келтіремін! – «жобаларды іске асыруда және қуатын жүктеуде  пайда болған мәселелер  бойынша» «үнемі жиындар өткізіледі», - деп хабарлайды.
Осындай жағдайда, нақты жобаларды және салалық бағдарламалардың орындалмағаны үшін Үкімет мүшелерінің және өзге лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы ақпарат беру туралы біздің нақты сұраққа, Премьер-Министрдің жауабында 20 «жауапты тұлғаның» тәртіптік жазаға тартылғаны туралы айтылады, олардың аты-жөні және лауазымы көрсетілмеген. Бізді жауапкершілікке тартылған облыстардағы және аудандардағы кейбір атаусыз қызметкерлер емес, осы органның басшылығы мүшелері туралы мәліметтері қызықтырады».
Парламенттік фракцияның көшбасшысы «Экспортер 2020» және «Бизнес жол картасы» бағдарламаларының ахуалы, инновациялық-белсенді компаниялардың (болмашы 1,5 % өскен және сондықтан табыс көрсеткіші болып қызмет ете алмайтын) үлесінің өсуі, инновациялық өнімдердің 3 есеге көбейгені туралы (ол да іс жүзінде жоқтан бар болып отыр) көптеген керек емес ақпараттар келтірілген Үкіметтен келген жауабына  тағы да бірқатар талаптарды жария етті. Әсіресе, оларға салынған мемлекеттік қаржының көлемінің қомақтылығына сәйкес мұндай нәтижелердің маңыздылығы жеке сауалдарға тақырып та болуы мүмкін. «Ал, Үкіметпен «қажетті заңдар қабылданғаны» туралы ақпарат – Конституцияға қарама-қайшы келеді, себебі заңдар Парламентпен қабылданады және Президентпен қол қойылады, - деп есептейді «Ақ жол» партиясы. Үкіметтің мұндай жауабын кеңсешілдік сырғытпа жауап дегеннен басқаша атау мүмкін емес. Мәжіліс депутаттары өз деңгейінде  оны шешуге жәрдемдесе алатындай ҮИИДБ-на, оны жүзеге асыру бойынша проблемаларға маңызды талдау жасаудың орнына, бізге кезекті «жарнамалық анықтамасын» жіберіп отыр. Бірақ, депутаттық сауал бұл туралы емес еді, іс жүзінде ол көптеген сұрақтар бойынша жауапсыз қалды.
 «Ақ жол» партиясының депутаттары Үкіметтің мұндай жауабымен мүлдем келіспейді және Мәжілістің Регламентіне депутаттардың мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдарына формалды жауаптарын қабылдамау құқығын енгізуді ұсынады.

«Ақ жолдың» депутаттары Үкіметтен 2013 жылғы 15 желтоқсандағы депутаттық сауалды қайта оралып қарауды және онда қойылған сұрақтарға нақты жауап беруді сұрайды.

«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.