13
Наурыз

Санат жоқ 13.03.2017

«Ақ жол» партиясы конституциялық реформа барысында ауыл мен қала әкімдерін тікелей сайлауға көшуді ұсынды

2017 жылдың 13 наурызы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі.

 

Бұл туралы өткен жұма күні Демократиялық күштер одағының (ДКБО) отырысында демократтардың көшбасшысы Азат Перуашев мәлімдеді. «Ақ жол» партиясының басшысы барлық отандастарды Президенттің Конституцияға енгізілген өзгерістерге кол қойғанымен құттықтады. Түрлі билік тармақтарына 60-қа жуық өкілеттілікті қайта бөлу -реформаның басты мақсаты болғанын атап айтты.

«Менің ойымша, біз өткен жағдайлар мен бұл конституциялық реформаның саяси жүйенің дамуына ашып отырған ауқымын әлі түсінгенбен сияқтымыз. Президент Назарбаевтың бастамасы қоғамда кең талқылауға түсе отырып, әрбір азаматқа өзінің жеке ұстанымын айтып жеткізуіне жол ашты. 26 бап бойынша берілген ұсыныстар қызу талқылаудан өтті. «Ақ жол» партиясы да жұмыс тобына өзінің ұсыныстарын жіберген. «26 баптың ықпалы жер қатынастарына таралмасын» деген толықтыруды ұсындық. Алайда, Мемлекет басшысының 26 бапты өзгеріссіз қалдыру туралы түбегейлі шешімі қоғамда қуанышпен қабылданды» дей отыра, Азат Перуашев Елбасына саяси жігерлігі үшін алғысын білдірді.

Депутаттың ойынша, Президенттің Конституцияны алауыздық сылтауы ретінде емес, келісім тұғырнамасы ретінде қарауға үндеуі – аталмыш пікірталастардың негізі ретінде қабылданған жөн. Сондықтанда ол өз тарапынан, жұмыс тобының «Ақ жол» партиясы ұсынған бірқатар резонансты түзетулерді қабылдамауын «байсалды сабырлықпен» түсінді.

Негізгі заңның оң тұжырымдамалырының ішінде, жаңадан сайланған Мәжілістің алдында Үкіметтің  қайта жасақталуын Демократиялық партия жетекшісі былай деп атап өтті: бұл жерде Үкіметтің құрамын жекелей жасақтауға жеңіске жеткен саяси партиялардың тікелей араласуы саяси партиялардың сайлау кезіндегі жеңісінің маңыздылығын жоғарылатады. Негізге алынатын құндылықтар тізіміне Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің енуін, оның ешбір жағдайда, соның ішінде Конституцияның алдағы өзгерістеріне қарамастан өзгертілмеуін Азат Перуашев ерекше атады. Соған қоса, бұрын Қазақстанның ұлттық заңдылығына қарағанда артықшылықпен қаралған халықаралық нормалар, 4 бапқа енгізілген толықтырулар арқасында аса маңызды  орын алғанын да атап айтты. Бұдан былай, Республикада колданыста бар халықаралық нормалар, керісінше өздері біздің ұлттық заңдылыққа сәйкестендірілуі тиіс.

Сондай-ақ, «Ақ жол» төрағасы Конституциялық реформаның келесі кезеңі 300-ге жуық заңның қайта қаралуын қажет ететіні туралы мәлімдеді. Осыған орай, ол өткен жылдан бері Мәжілістің жұмыс топтарына азаматтық қоғам өкілдері еркін қатыса алатыны жайлы еске салды.

Сонымен бірге, Азат Перуашев «Конституциялық реформа бүкіл билік тармақтарын демократияландыруға мүмкіндік берді. Ал бұл мүмкіндіктерді айтарлықтай тиімді қолдана білу әрқайсымызға байланысты екенін» атап өтті. Ол аталмыш өзгерістердің тереңдігі жайлы көрнекі мысал келтірді, 87 баптың 4 тармақшасындағы жергілікті әкімдерді (республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдерінен басқа) сайлау және тағайындаудың бұрынғы тәртібі бойынша Президент анықтаса, бұдан былай заңмен белгіленетін болады. Яғни, заңда әкімдерді тағайындаудың жаңа механизмдерін ойлап табу мүмкіндігі беріліп отыр деп санайды депутат.

Азат Перуашев өзінің мемлекеттің унитарлы сипатта және облыстар Астана және Алматы әкімдерін ғана емес, сонымен қатар, аудан әкімдерін де тікелей тағайындауды қолдайтынын айтты, сонда «сепаратизм тәуекелдіктерін немесе «княздарға еншіленген» биліктің пайда болуына жол берілмейді». Сонымен бірге, біртұтас елді мекендерде жергілікті өзін-өзі басқару демократияның негізі болып табылатыны белгілі. Бүгінді қала әкімдері тағайындалса, ал ауыл округтарының әкімдері жоғары тұрған аудан маслихаттарымен сайланады. Өзін өзі басқарудың мәні әрбір елді мекеннің тұрғындары өз еркімен өз басқару органдарын анықтауы болып табылады.

Сол себептен, «Ақ жол» жергілікті маңызы бар қалалар мен ауыл округтерінде әкімдерді жергілікті тұрғындардың жалпы және жасырын дауыс беру арқылы тікелей сайлау жүргізу туралы ұсынысын дайындайды.

«Бұл, қазіргі конституциялық реформаны жүзеге асыру кезінде әлі де ашылатын мемелекеттік демократияландыру билікті есеп берушілікке тартуға мүмкіндік беретін тек бір ғана мысал» деп белгілеп, келесі тарихи салыстырманы келтірді Азат Перуашев.

«Баршаға мәлім болғандай, Совет үкіметі жайлы Черчилль былай айтты: ол Ресейді шаруалардың соқасымен қабылдап, нәтижесінде атом бомбасымен қалдырған. Ал Президент Назарбаев, Қазақстанды ядролық қарумен қабылдап, бірақ оны таза экономикаға және демократиялық қоғамға бастап барады».