15
Наурыз

Санат жоқ 15.03.2017

«Ақ жол» осы жылдан бастап ЖЖМ нарығын отандық өніммен қамтамасыз етуді талап етті, оған қажетті жағдайлар жасалған– Ерлан Барлыбаев

15 наурыз 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі

«Ақ жол»  осы жылдан бастап ЖЖМ нарығын отандық өніммен қамтамасыз етуді талап етті, оған қажетті жағдайлар жасалған – фракцияның тиісті депутаттық сауалын бүгін Ерлан Барлыбаев жолдады. Төменде депутаттық сауалдың толық мәтіні берілген.

 

   

   Қазақстан Республикасының

            Премьер-Министрі

             Б.Ә.Сағынтаевқа           

  

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! 

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі ЖЖМ бағасының тұрақты өсуі болып табылады, ол елдегі барлық дерлік өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнына әсер етеді. Әрбір кезекті бағаның көтерілуі ЖЖМ сатушыларының пайдасына қоғамнан косымша қаражат шығаруға әкеледі.

Мұнайөндіруші ел неге өз нарығында бағаларды тұрақтандыра алмайды деген кәсіпкерлер мен азаматтардың түсінбеген сұрақтарына, сарапшылар қазақстандық ЖЖМ нарық бағасының өсуінің себебі Рсейдің импортына тәуелді деп жауап береді.

Ү.ж. 1-ші наурызында Энергетика министрлігі отандық МӨЗ-ы нарықты ЖЖМ-мен тек 2019 жылы қанағаттандыра алады деп мәлімдеді.                        

Сол арада, 2009 жылдың 15-ші мамырда Елбасы  индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын бастап берді, онда басқа міндеттердің арасында, дәйексөз келтіремін: «2014 жылға қарай отандық мұнай өңдеу зауыттары мұнай өнімдеріне деген ішкі қажеттілікті толықтай қанағаттандыруға тиіс» деп тапсырды. Басқаша айтқанда, Елбасымен белгіленген нарықты отандық ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мерзімі 3 жыл бұрын өтіп кетті. 

2013-2014 жылдары 'Ақ жол' фракциясы ЖЖМ нарығын отандық өніммен қамтамасыз ету бойынша  ҮИИДМБ нәтижелерін хабарлау талабымен Үкіметке үш рет (2013 жылдың 12-ші желтоқсанында, 2014 жылдың 30-шы қаңтарында, 2014 жылдың 13-ші наурызында) сауалдар жолдады.

Бірақ, нақты жауапты біз тек ү.ж. 1-ші наурызында алдық, Энергетика министрлігі ЖЖМ нарығының импортқа тәуелділігі әлі де 30% құрайды деп мәлімдеді. Физикалық көлемде мұнай өндірісін 3 млн.теңгеге - қазіргі 14,5 млн.тң-ден 17,5 млн.тң-ге дейін көбейту қажеттілігі туралы сөз болды. 

Қалыптасқан жағдайды мемлекеттік органдар Атырау, Шымкент және Павлодардағы 3 ірі МӨЗ қайта құру жұмыстарының ұзаққа созылғандығымен түсіндіреді. Бірақ, елде қайта өндеудің жиынтық қуаттылығы 6,5 млн.тң тағы 32 шағын МӨЗ бар фактісі шетте қалып қоя береді, сонда  жетпейтін  3 млн.тң -олардың көлемінің жартысынан аз болып отыр.

Және осы жағдайдағы ең айқын қадам жетіспейтін көлемнің орнын басу үшін  олардың қызметтерін  жан-жақты ынталандыру болар еді. 

Алайда, ізгі ниетте қабылданған шаралар шағын МӨЗ жұмыстарының оқшаулауына алып келді. 

2016 жылдың 9-шы сәуірінде  «Мұнай өнімдері айналымын реттеу» Заңы қабылданып, онда Энергетика министрлігі ірі МӨЗ—ын шикізат көзімен қамтамасыз ету мақсатында түзетулер енгізуге бастамашылық жасап,   қуаттылығы жылына 800 мың.тн-дан төмен зауыттарға «қайта өндеу өнімдерін» сатуға тыйым салды.

 Министрліктің бұйрығы бойынша, маусым айында осы өнімдерді қайта өндеу  тізімдері бекітілді, оған тауарлық бензин мен дизелді отыннан басқа мұнай өнімдерінің барлық түрлері  (айдалатын нафта, керосинді-газ ойль фракция, мазут, вакуумды газойль, гудрон және т.б.) енді.

Бірақ бензин мен дизель өндіру процесінде, қайта өңдеуден жанама өнімдер шығатын қайтсе де болады және олар 30% астамды құрайды, оларды сатуға тиым салу цистерналардың толуына және үш алып зауыттан басқа барлық шағын МӨЗ өндірісінің тоқтауына алып келді.

 Жалғыз жол болып өңделме сызбасы бойынша жұмыс жасау қалды, өйткені мұнай жеткізушіге мұнай сату бойынша ешқандай шектеулер  белгiленбеген. Бірақ бұл формат шағын МӨЗ үшін қол жетімді емес, шағын көлем күшіне орай өңделме компаниялары үшін тартымсыз және МӨЗ-ы үшін де пайдасыз.

Қалыптасқан жағдай оларды  айналып өту жолдарын және жұмыстың жартылай заңды схемаларын іздеуге тікелей итереді. Және адал кәсіпкерлердің бұндай қызығушылыққа төтеп беруге  қаншалықты күші жететіні – үлкен сұрақ. Және қалыпты бизнесті белгілі заңбұзушылықтарға несіне итереміз? 

Заңнамада көрсетілген өзгерістердің жағымсыз әсерлері әдейі болмағаны анық, бірақ ақылға сыйымсыз және айқын көрініп тұрғаны:  айналымның көлеңкеге кетуі, бюджет аударымдары мен жұмыс орындарының қысқаруы, ЖЖМ нарығының монополизациясы , бензин мен дизель отын бағасының қайталанып көтерілуі, бизнес шығындарының  артуы, тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтің барлық тізбегі бойынша бағаның өсуі.

Ал, аталған талапты жай алып тастау арқылы осы 32 МӨЗ жиынтық қуаттылығының арқасында нарықты отандық ЖЖМ-ымен осы жылдан бастап қамтамасыз етуге болатын еді. 

Осыған орай, құрметті Бақытжан Әбдірұлы, Сізден:

1. ҚР энергетика министрлігінің жоғарыда көрсетілген бұйрығын жедел жоюды және заң нормаларын қайта қарауға қолдау көрсетуді;

2. Елбасының осы ағымдағы 2017 жылдан бастап нарықты отандық ЖЖМ қамтамасыз ету тапсырмасын орындалуына қол жеткізуді сұраймыз. Жоғарыда көрсетілгендей, бұл үшін қажетті жағдайлар бар.   

Құрметпен,

 «Ақ жол» фракциясының депутаттары