16
Наурыз

Санат жоқ 16.03.2017

«Ақ жол» министрлер мен әкімдердің жұмысы қандай өлшемдер бойынша бағаланатыны туралы түсінік беруді сұрады

16 наурыз 2017 жыл, «Ақ жол» ДПК баспасөз қызметі

«Ақ жол» министрлер мен әкімдердің жұмысы қандай өлшемдер бойынша бағаланатыны туралы түсінік беруді сұрады – деп Екатерина Никитинская депуттатық сауал жолдады.  Төменде сауалдың толық мәтіні ұсынылған.

                                                                                                                             Қазақстан Республикасының

                                                                                                                             Премьер-Министрі

                                                                                                                             Б. Сағынтаевқа

 

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

    2016 жылы 17 маусымда ҚР Парламенті палатасымен бірлесіп өткен отырысында «Ақ жол» партиясының депуттатық фракциясы министрліктер мен ведомстволардың бірінші басшыларына мемлекеттік бағдарламалардың орындалмағаны үшін жеке жауапкершілік енгізу туралы сауал жолданған болатын. 

      Сол кездегі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрі болған Т.С.Донаков мырза  «100 қадам» Ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлерін бағалау жүйесі іске еніп жатырғандығын айтқан еді. Ал мемлекеттік органдардың бірінші басшылары олардың қызметтерін бағалау үшін меморандум жасау керек.  

    ҚР Бюджеттік Кодексінің 62-ші бабының 6 тармағына сай Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың меморандум жобалары келесі қаржылық жылға ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін әзірленуі тиіс.  

       Меморандум әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін қамтығандықтан, олардың іске асырылуын министрлер мен әкімдер қамтамасыз етуге міндетті.

      Дегенмен, қазіргі негізгі көрсеткіштер қабылданған заңнама талаптарына сай келмейтіні анық. Мысалы, Ұлттық экономика Министрлігі үшін – «2020 жылға дейінгі ҚР Стратегиялық даму жоспарының декомпозиция деңгейі» - алғашқы мақсаттық көрсеткіштер деп көрсетілген. Ал, экономикалық өсу қарқыны, сыртқы қарыз өлшемдерінің көрсеткіштері мен макроэкономиканың дамуының басқа да маңызды критерийлері ұсынылмаған. 

      Инвестициялар және даму Министрлігі үшін басты көрсеткіш есебінде Global-2000 (трансұлттық компаниялар)  тізімінен тартылған инвесторлар саны,  ҚХР ынтымақтастығымен бірлесіп қосылған жобалар, қара және түсті металлургияның эскпорт көлемі мен  еңбек өнімділігі қарастырылған.

        Бірақ ұлттық  өндеу өнеркәсібі саласында басымдылықтар мүлдем жоқ. 

       Ауыл шаруашылық Министрлігі  ауыл шаруашылықтың негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлем индексіне  және азық-түлік өнімдерін өндіру көлем индексіне баса назар аударған. Бірақ  екінші көрсеткіш біріншінің құрамдас бөлігі болып саналатыны анық. Сонда аталмыш министрлік бір нәтижені екі рет баяндайды. Мұндай мысалдарды барлық ведомстволар бойынша келтіруге болады.

        Облыс әкімдерімен жасалған меморандумдарда бірқатар индикатор бойынша  салалық министрлік көрсеткіштері 2 есеге көбейтіліп беріледі.  Бұл дегенініз жоспарлау, үйлестіру қызмет деңгейінің нашарлығын және есеп беру жұмысының жоқтығын білдіреді.

       Мемлекеттік органдардан барынша ашықтық талап етіледі, ал,  министрлер мен әкімдердің меморандумдары өз министрліктерінің сайтына, ғаламторға неге жарияланбайды деген заңды сұрақ туындайды. Мүмкін оған осы меморандумдардың  жасалынбауы да себеп шығар.  

      Осының салдарынан ел азаматтары әр ведомстваның алдына қандай міндеттер жүктелгенін және олардың еліміздің әлеуметтік-экономиалық дамуына қаншалықты үлес қосып жатырғандығы туралы хабардар болу мүмкіндігінен айырылып отыр. Сонымен бірге, өздеріне жүктелген міндеттерді министр мен әкімдер қаншалықты ойдағыдай орындап жатыр немесе орындамай жатырғаны туралы деректер де жұртшылық көздерінен таса қалып тұр. 

         Құрметті Бақытжан Әбдірұлы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы:

        1)   Нақты мазмұны бар меморандумдармен шартқа отыруын бақылап,  меморандум мемлекеттік органдардың ғаламтор желісінде әр тұрғынға қол жетімді болуын қамтамасыз етуді;

         2)   Меморандумда пайдаланылатын негізгі көрсеткіштерді формальды бағалау жүйесінен өңірдің немесе саланың нақты әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткішіне қарай қайта өндеу;

3) Меморандумда көрсетілген негізгі көрсеткіштер орындалмаған жағдайда бірінші басшыларды жауапкершілікке тарттыру тәжірибесін енгізуді  сұраймыз.  

Құрметпен,  

«Ақ жол»  фракция депутаттары