17
Наурыз

ЖАЛАУ МЫҢБАЙҰЛЫНЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

«Ақ жол» ҚДП-ның Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі, 2017 жылдың 17 наурызы 

Биыл Жалау Мыңбайұлының туғанына 125 жыл.

Осы орайда, 2017 жылдың 10 наурыз күні « Төлеген Айбергенов поэзиясы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми- теориялық конференциясынан кейін арнайы конференцияға жиналған қатысушылар мен ұйымдастырушылар №1 орталық қорымында жерленген Алаш ардақтысы, қарымды тілші-публицист, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлының және де  елі үшін еңбек еткен бірқатар зиялы- қауым  өкілдерінің  рухына құран бағыштады.

Зиярат ету барысында Жалау Мыңбайұлының өмірі туралы сыр шертіліп, бейітін өзгертіп, жаңарту туралы пікірлер айтылды.

Сонымен қатар,  Жалау Мыңбайұлының зиратына жауапты Маңғыстау облыстық «Ақ жол- жастар» жастар қанатының Алматы қаласындағы өкілі Бақдәулет Асанұлына куәлігі табысталып, бейіттің тазалығын сақтап  отыру жұмысы міндеттелді.

Елі үшін еңбек етіп, бар өмірін халқына арнаған қазақтың жыл сайын тойланатын «Ұлыстың ұлы күні»  Наурыз мейрамын тойлауға жарлыққа қол қойып,  бұрын соңды «Киргиз» аталып келген атауды «Қазақ» деп өзгерткен, Еліміздің шекарасын атпен жүріп белгілеген бір туар азамат, Алаштың аяулы азаматының 125 жылдығын лайықты түрде өткізіп, насихаттау біздің перзенттік парызымыз!