17
Сәуір

Санат жоқ 17.04.2017

Үкімет «Ақ жол» партиясының талабымен шағын МӨЗ-ның жұмысын қайта жандандыру туралы бұйрық дайындады

           17 сәуір 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

 

           Үкімет «Ақ жол» партиясының талабымен шағын МӨЗ-ның жұмысын қайта жандандыру туралы бұйрық дайындады – фракцияның депутаттық сауалына Үкіметтен жауап алынды.

            Ү.ж. 15 наурызында Ерлан Барлыбаев  Үкімет атына осы жылдан бастап ЖЖМ нарығын отандық өніммен қамтамасыз ету талабымен фракция сауалын жолдаған болатын. Депутат оған қажетті жағдайлар жасалғанын   атап өтті.

            Депутат 2009 жылы 15 мамырда Елбасы  ҮИИДМБ бағдарламасына бастама бергенін, еске салды, онда «2014 жылға қарай отандық мұнай өндеу зауыттары мұнай өнімдеріне деген ішкі қажеттілікті толықтай қанағаттандыруға тиіс» деп тапсырма (дәйексөз) бергенін еске салды.

            «Елбасымен белгіленген нарықты отандық ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мерзімі 3 жыл бұрын өтіп кеткенін Барлыбаев атап айтты. Ал энергетика министрлігінің пайымдауынша, ЖЖМ-ының импортқа тәуелділігі 30% құрайды.   Мұнай өндеуді 3 млн.теңгеге - қазіргі 14,5млн.теңгеден 17,5 млн.теңгеге дейін көбейту туралы сөз болып отыр».

            Бұл жағдайды мемлекеттік органдар Атырау, Шымкент және Павлодардағы 3 ірі МӨЗ қайта құру жұмыстарының ұзаққа созылғандығымен түсіндірді. Бірақ елде қайта өндеудің жиынтық қуаттылығы 6,5 млн.тн тағы 32 шағын МӨЗ бар, кейбіреулері үшін жетпейтін  3 млн.тн -олардың көлемінің жартысынан аз.

            Бірақ былтырғы жылдың сәуір айында «Мұнай өнімдері айналымын реттеу» Заңымен қуаттылығы жылына 800 мың.тн-дан төмен зауыттарға «қайтау өндеу өнімдерін» сатуға тиым салынған2016 жылдыңжазында энергетика министрлігінің тиісті бұйрығымен оның тізбесі бекітілген. 

Бұл шаралар үш алып зауыттан басқа барлық шағын МӨЗ өндірісінің тоқтауына алып келді.

«Ақ жолдықтардың» ойынша, аталған талапты алып тастау арқылы осы 32 МӨЗ жиынтық қуаттылығының арқасында нарықты отандық ЖЖМ-ымен осы жылдан бастап қамтамасыз етуге болатын еді.

Осыған орай, фракция депутаттары  ҚР энергетика министрлігінің жоғарыда көрсетілген бұйрығын жедел жоюды және заң нормаларын қайта қарауды, сондай-ақ, Елбасының 2017 жылдан бастап нарықты отандық ЖЖМ қамтамасыз ету тапсырмасын орындауды талап етті.

Депутаттық сауалдың ресми жауабынан фракция ұсынысы  қолдау тапқаны белгілі болды.

«Қазіргі таңда энергетика министрінің қайта өндеу өнімдер тізімін, шағын МӨЗ жұмысына кедергі келтірмейтін деңгейге қысқартуды көздейтін бұйрық жобасы әзірленді»,-деп Премьер-министр Б.Сағынтавтың хатында көрсетілген.

«Біз үкіметтің бұл шешіміне ризамыз және ол ЖЖМ нарығын тұрақтандыруға оң әсер ететіне сенімдіміз», - деп  Перуашев  Премьердің ресми жауабына пікір білдірді.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.