19 сәуір 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» депутаттары инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын орта бизнеске таратуды талап етті – фракцияның тиісті депутаттық сауалын бүгін Дәния Еспаева жолдады (толық мәтін төменде берілген).
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
2017 жылдың 31 қаңтарындағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 2050 жылға қарай орта бизнес үлесін елдің ЖІӨ 50 % кем емес қамтамасыз ету міндеті қойылған.
Алайда, ҚР Заңнамасымен орта бизнестің инвестициялық жобаларын ынталандыру тетіктері көзделмеген.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 286-шы және 290-шы баптарына сәйкес КТС төлемдерінен, мүліктік салық, импорт тауарларының ҚҚС, кедендік баждардан босату сияқты артықшылықтарды беру – тек өндеу өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі 2 млн. АЕК-тен кем емес (немесе 4,5 млрд.теңге) ірі инвесторларға қарастырылған.
Осылайша, қолданыстағы инвестициялық саясат Елбасымыздың биылғы Жолдауында қойылған міндеттерге сәйкес келмейді.
Алайда, тиісті инвестициясыз орта бизнес секторының экономикадағы рөлі Елбасы талап еткендей түбегейлі өсіп кете алмайтыны анық.
Сондай-ақ, күрделі салымдарды тартпай, орта бизнестің құрылымы да өндірістік емес бұрынғыдай сервистік және саудалық болып қала береді.
Сол арада, әсіресе орта бизнестегі көпшілік тұтынатын тауарлар өндірісі (ХТТ) экономиканың импортқа тәуелділігін төмендетуге, конъюнктураның өзгерісіне, мысалы, валюта бағамы мен инфляция құбылмалықтары сияқты сын-тегеуріндерге икемді әсер етуге қабілетті.
Көптеген тамақ, жеңіл, жиһаз өнеркәсібіндегі өндірістік желілер, медициналық бұйымдар мен гигиена құралдары, тұрмыстық химия өндірісі және т.б. құны – 2-3 млн.АҚШ долларынан астам емес.
Бірақ, қолданыстағы талаптардың кесірінен олардың барлығы көзделген артықшылық шеңберінен тыс қалып, ел экономикасында орта бизнес үлесін тез әрі тиімді көтеруге мүмкіндік бермейді.
Қазіргі ереже бойынша, инвестициялық артықшылықтарды тек негізінен өндірістік мақсаттағы өнімдер шығаратын - мысалы металлургия мен метал өндеу, мұнай-химия және машина жасайтын жекелеген ірі кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Сол уақытта, дайын тұтынушы тауарларды шығару, ішкі нарықты отандық өніммен толықтыру мұндай қолдауға үміттене алмайды.
Сондықтан да, біздің нарықтың импортқа жоғары тәуелділігіне және девальвация кезіндегі бағалардың күрт ауытқуларына таң қалмаймыз. Бұның бәрі экономикалық көрсеткіштерге ғана емес, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік көңіл-күйіне, оның жүргізіліп жатырған реформалар қатынасына жағымсыз әсер етеді.
Біз тіпті ең табысты бірақ өндірістік мақсаттағы өнім өндіретін жекелеген кәсіпорындар, - отандық экономикамыздың құрылымын өзгерте алмайтынын және оны сыртқы ауытқулардан қорғай алмайтына сенімдіміз. Шикізатты бағдарға алудан кету және шикізаттық емес секторды табысты дамыту үшін ірі ғана емес, сонымен қатар орта бизнестің де арасынан тек қана өнеркәсіптік емес сонымен бірге дайын тұтынатын тауарлар өндіретін көп заманауи өңдеуші компаниялар керек.
«Ақ жол» фракциясы Үкіметке 2014 жылдың 5 қарашасында осындай сауал жолдады, ол сауалдың жауабында артықшылықтар тек қана ірі жобаларды қолдауға арналған деп көрсетілген еді.
Алайда, Елбасының биылғы жолдауындағы көрсетілген шағын және орта бизнес рөлін ұлғайту жөніндегі жаңа міндеттерге байланысты, аталған мәселені қайта қарауға оралуды қажет деп есептейміз.
Баяндалғанның негізінде, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы:
Артықшылық таратылатын инвестициялық жобаларға жатқызу шегін – 2млн.нан 1 млн. АЕК-ке дейін төмендету, сондай-ақ көпшілік тұтынатын тауар өндіруші орта бизнес субъектілерін инвестициямен қолдаудың өзге де мемлекеттік шараларын таратуды ұсынады.