18
Мамыр

Қарағандыда Елбасының мақаласына қатысты дөңгелек үстел өткізді

2017 жылдың 18 мамыры, «Ақ жол» ҚДП-ның Қарағанды облыстық филиалы

Қарағанды қаласында  «Ақ жол» облыстық филиалының бастамасымен Елбасының: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық мақаласына орай дөңгелек үстел болып өткізді.


         Дөңгелек үстелге партия белсенділері мен облыстық кеңестің мүшелері, сондай-ақ, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының докторы Бектұрсын Қалиев және Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы директорының орынбасары, тарихшы-ғалым Темірғали Аршабеков қатысып сөз сөйледі.

Ғалымдар тақырыпқа байланысты өз тұжырымдарын айта келе  латын әліпбиіне уақыт өткізбей көшу керек деген туралы ойларын ортаға салды. Мысалы:  таяу араларда КарМу-де латын әіліпбиі бойынша даярлық курстары 1 қыркүйектен бастап жүргізілетінін айтты. Жарыс сөзде сөйлеген партия белсенділері Қ.Ділдәбеков, Ғ.Әбсәмат  және «Ұлт тағдыры» облыстық бірлестігінің төрағасы А.Халенов латын қарпіне көшуді бір ауыздан қолдады. Жиынға облыстық әкімдігі ішкі саясат басқарамасының бөлім басшысы Д.Малдыбаев және облыстық  Тілдер басқармасының бөлім басшысы Ә.Қашқынбек  қатысып өз пікірлерін айтты.

         Шара соңында филиал төрағасының орынбасары  Қ.Ділдәбеков жиынға қатысып пікір білдірген ғалымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне алғыс білдіріп, айтылған ұсыныстардың хаттамаға түсірілетінін  айтып, отырысты қорытындылады.