«Ақ жол» ҚДП Оңтүстік облыстық баспасөз қызметі, 2017 жылдың 24 мамыры
«Ақ жол» ҚДП-ның Оңтүстік облыстық филиалы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара ОҚОФ-ның мәжіліс залында өтті. Отырысқа саяси партиялардың өкілдері, БАҚ қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер, ғалымдар, блогерлер, үкіметтік емес ұйымдар, ақындар, қоғам қайраткерлері мен халқымыздың тұрмыс-тіршілігінен бейтарап қала алмайтын белсенді азаматтар қатысты.
«Ақ жол» ҚДП ОҚОФ-ның төрағасы А.Орман баяндама жасады. Тарих ғылымдарының кандидаты, ОҚМУ доценті Г.Тілеуқұлов, «Ақ жол» партиясының Арыс өңірі бойынша өкілі Ә.Ағыбай, БҰҰ «Даму» бағдарламасының өңірлік өкілі Ә.Балбаев; аумақтық өзін өзі басқару комитетінің төрағасы Қ.Бейбітов, тарихшы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Ө.Шыныбекұлы, Аймақтық Әлеуметтік Инновациялық Университетінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ү.Асқаров, «Ақ жол» партиясының Бәйдібек ауданы бойынша өкілі М.Ырысбеков, кәсіпкер Ә.Сыздықов сөз сөйлеп, ортаға өз пікір-ойларын салды.