«Ақ жол» партиясы есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарға жауапкершілікті күшейтуді талап етеді
9 сәуір 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясы есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарға жауапкершілікті күшейтуді талап етеді - бұл туралы Талғат Ерғалиев бүгін Мәжілістің пленарлық отырысы барысында Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына жолданған фракцияның депутаттық сауалында мәлімдеді.
Қазақстанда нашақорлықтың кеңінен таралуы әлеуметтік маңызы бар өткір мәселе болып отыр. Президенттің 2010 жылғы 1 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілген, ондағы негізгі мақсат салауатты өмір салты саласында 2015 жылға дейін халық арасында нашақорлықты 15 %-ға дейін төмендету болатын. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 – 2016 жылдарға арналған Салалық бағдарламасы қабылданды, - деп көрсетілген депутаттық сауалда. – Бірақ, қазіргі уақытта осы саладағы жағымсыз үрдіс сақталып тұр.
Депутат Бас Прокуратураның ақпаратын келтірді, оған сәйкес нашақорлардың ресми саны 50 мың адамның шегінде, мұны дәйексіз деп айтуға болады, себебі әрбір үшінші нашақор есепке тұрудан қашады. 2001 жылы Денсаулық сақтау министрлігі іс жүзінде еліміздегі нашақорлардың саны 250 мыңнан астам адамды құрайтыны туралы мағлұмат жариялады, ал ғылыми дереккөздері – одан да көп, 500 мың адам деген санды келтіріп отыр. Есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың жартысынан көбі жас адамдармен жасалады. Есірткіні алғаш рет пайдаланған жасөспірімдердің жасы жасарып келеді.
«Ақ жол» партиясында «есірткі пайдалану жасының жасару беталысы – бұл ұлттың денсаулығына, біздің демографиялық және қоғамдағы жалпы рухани-адамгершілік негізіне айтарлықтай қатер», - екеніне сенімді.
Депутаттардың пікірінше, нашақорлықтық ахуалды түбірімен өзгертуге кедергі келтіретін ықпалдардың тобы сақталып отыр. Олардың ішінде: алдын алу шараларының жаппай жүргізілмеуі және жүйесіздік сипаты – есірткіге тәуелділік тек қана аурудың және оның отбасының мәселесі болып табылатыны жиі кездеседі; нашақорлықпен ауруларды әлеуметтік сауықтыру жүйесінің лайықсыз қызметі –қаржы тапшылығының салдарынан мамандандырылған көмекті аз пайдаланушылық және қоғамға жария болудан қорқыныш; мемлекетпен және қоғаммен есірткі бизнесінің мүмкіндіктерін дұрыс бағаламау; қоғамда нашақорлықпен күресте азаматтық ынтымақтастықтың жетіспеушілігі; географиялық жағдай - Ауғанстаннан Ресейге және Еуропа елдеріне негізгі есірткі трафигі желілерінің бірінің Қазақстан арқылы өтетіндігі.
Депутаттық сауалда нашақорлықпен күрес саласындағы қабылданатын шаралардың тиімсіздігін айқын дәлелдейтін келесі маңызы зор дерек көрсетілген.
Мәселен, республикалық бюджеттен 2014 жылға нашақорлықпен күреске 142 млн. астам теңге қарастырылған, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігіне 14 миллионнан сәл көбірек бөлінеді.
Алайда, министрліктің 2014-2018 жылдарға Стратегиялық жоспарына сәйкес, бөлінген қаражат ПБЗ-дан тәуелділікке тартылу қаупін психологиялық тестілеудің компьютерлік бағдарламасын енгізу және ҚР халқының әлсіз топтарының - балалар, жасөспірімдер, жастардың арасында нашақорлыққа тәуелділігінің таралудың алғашқы алуының алудың тиімділігін арттыруға жұмсалатын болады.
«Бұл тәсілдеменің тиімділігі аз болып табылады және бұл кеселмен күресуде мемлекеттің нақты міндеттерімен және мақсатымен сәйкес келмейді», - дейді «Ақ жол» партиясы. Қазақстанда есірткі бизнесінің және нашақорлықтың кеңінен таралуы өткір әлеуметтік маңызы бар мәселе ғана емес, сонымен бірге ұлттық қауіпсіздікке және оны одан ары дамытудың келешегіне нақты қауіп төндіреді».
Баяндалғандардың негізінде, «Ақ жол» фракциясының депутаттары нашақорлық деңгейін төмендету бойынша қосымша шараларды қабылдауды, есірткі бизнесімен күресті күшейтуді және есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарға жауапкершілікті күшейтуді талап етеді.
Одан басқа, олар әскерге шақырылғандарды медициналық комиссиядан өткізген кезде, студенттер және жоғары сынып оқушылары медициналық анықтамалар алған кезде ағзадағы есірткі құралдарын анықтауға «пилоттық» сынақты енгізуді ұсынады.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.