«Ақ жол» ҚДП-ның Шығыс-Қазақстан облыстық филиалы, 2017 жылдың 1 маусымы
«Алаш қозғалысының» 100 жылдығына орай ШҚО тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Алаш жолы - мәңгілік тілдің түп қазығы» деген тақырыпта облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Бұл басқосуға Шығыс Қазақстан облысына қарасты қалалар мен аудандардан делегаттар қатысты. «Алашордашылар» көтерген тіл мәселелері деген тақырыпта С.Аманжолов атындағы университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Бердібек Нұролдаұлы – «Алаш қайраткерлерінің ұлттық идеологиясы» деген тақырыпта, С.Аманжолов атындағы университетінің тарихи кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Әлия Ақылқызы – «Алаш идеясы және бүгінгі Қазақстан» деген тақырыпта, Шәкәрім атындағы университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы Арай Қанапияқызы –баяндамалары оқылып, талқыланды.
Жарыссөзге шыққан Семей аймақтық «Ақ жол» партиясының өкілі Рахат Алтай – Ақ жол партиясының саяси платформасы бүгінгі заманға бейімделгендігі туралы ашып айтты.