Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету жөніндегі Кеңесті Азат Перуашев басқарды
14 сәуір 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету жөніндегі кеңесті Азат Перуашев басқарды.
Кеңес сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету бойынша тапсырмаларды жедел және жүйелі шешу және проблемалық мәселелерді көпшілік алдында жариялау мақсатында құрылып отыр. Кеңестің негізгі міндеттері мемлекеттік сатып алу, жалған кәсіпкерлік, жер қойнауын пайдалану, капиталды шетелге шығару, оның ішінде оффшорларға; бопсалаушылық, рейдерлік; мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру; және өзге салаларда сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету бойынша жүргізіліп жатқан саясатқа жәрдемдесу болып табылады.
Кеңес Палатаның тұрақты қызмет ететін консультативтік-кеңесші органы ретінде үндеухаттармен, сол сияқты өз алдына ақпараттарға монитроинг негізінде де жұмыс істейтін болады.
Кеңес құрамына Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастық, БАҚ-ның өкілдері кірді.
Осыған байланысты, бопсалаушылық, рейдерлік, сондай-ақ жоғарыда аталған салаларда қолданыстағы заңнамаларды бұзушылықтар туралы фактілер бойынша барлық үндеу-хаттарды және өтініштерді (Кеңес үшін – деген белгімен) мына e-mail-ға:
dpk.akzhol.kz@mail.ru жіберулеріңізді сұраймыз.