2017 жылғы 4 тамыз, «Ақ жол» ҚДП-ның Павлодар облыстық филиалы
Меруерт Қазбекова Павлодар облысының кәсіпкерлерімен кездесті. Іс-шара депутаттардың сайлаушылармен көшпелі кездесуі шеңберінде ұйымдастырылды және «Атамекен» өңірлік палатасының алаңында өткізілді.
Қазбекова кездесу барысында Парламент Мәжілісінің жұмысы туралы, «Ақ жол» ҚДП-ның парламенттік фракциясының қызметіндегі кейбір оң нәтижелер туралы айтып берді.
«Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты – бұл, бірінші кезекте, депутаттың сайлаушылар алдында есеп беруі және жаңа сессияда жұмыс істеу үшін сіздерден жаңа тапсырмалар мен тілектер алу. 6-шы сайланған екінші сессия кезеңінде «Ақ жол» депутаттары заң жобалары бойынша 700 ұсыныс енгізді, әртүрлі тақырыптарға: кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй проблемалары, т.б. тақырыптарға 63 сауал жариялады. Сауалдардың көпшілігі нақты сіздермен өткізген кездесулерден кейін, кәсіпкерлер мен азаматтардың қоғамдық қабылдау кезіндегі өтініштерінен туындайды», – деп атап өтті депутат және бизнес өкілдерін жалған кәсіпкерлік проблемаларының оң шешім табуымен құттықтады.
Оның айтуы бойынша, тек Парламенттің қабырғасында «Ақ жол» осы көкейтесті проблеманы шамамен 30 рет көтерген, ҚР Үкіметіне, ҚР Президентінің Әкімшілігіне, Бас прокуратураға бірнеше рет өтініш жасаған, заң жобаларына ұсыныстар енгізген. Нәтижесінде, ағымдағы жылғы 7 шілдеде құқық қорғау жүйесінің мәселелері бойынша заң жобасы шеңберінде Қылмыстық кордекстен осы бапты алып тастау туралы шешім қабылданды.
Фракция екі жылға дейінгі жаңа автомобильдерді бастапқы тіркеу салымдарын алып тастауға, паралимпиадалық спортшылар мен Олимпиада ойындарының жүлдегерлерінің спорттық еңбегін бірдей бағалауға, балалар емханаларын және медициналық ЖОО-ларда «педиатрия» мамандығын қалпына келтіруге, шипажайлар пайдаланатын суды өндіруге салық мөлшерлемесін төмендетуге, жеке пайдаланатын жүкті бажсыз алып жүруге норма белгілеуге қол жеткізді. Фракция араласқаннан кейін сейсмологиялық экспедицияны қаржыландыру қайта қолға алынды. Бұдан басқа, фракцияның табандылықпен жүгінуінен кейін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу саласындағы бұзушылықтары үшін жауапкершілігі күшейтілді.
Іс-шаралардың негізгі бөлігі Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылауға арналды.
«Негізінен рухани-этикалық қағидаттарға бағытталғанына қарамастан, іс жүзінде экономиканың маңызды мәселелері де қозғалады. Сондықтан ұлттық бизнес партиясы ретінде «Ақ жол», әрине, ұлттың рухани жаңғыруының маңызды негіздерін қолдады, – деп атап өтті Қазбекова. – Бизнестің өзіне келетін болсақ, ол халықтың мұқтаждықтарына жақын болуы керек. Жосықсыз қызметтен бас тарту – басты бағыттардың бірі болуға тиіс.
Алайда, бәсекелестік үшін нарықта бірнеше қатысушы болуы қажет, ал біздің қолдау бағдарламаларының шамамен барлығы ірі экспортқа бағытталған жобаларға арналған.
Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету міндетінің шағын және орта бизнеске де қатысы бар – бұл олардың негізгі функциясы да. ШОБ-ға қатысты салық саясатындағы қолданыстағы тәсілдерді қайта қарау қажет: мысалы, жаңадан құрылған бизнесті салықтан босату».
Депутат «Ақ жол» Шағын және орта бизнесті дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын қабылдау қажет деп есептейтінін атап өтті, онда көптеген мәселелер, ең алдымен – қолжетімді қаржыландыру мәселелері ескерілетін болады, оларды банк жүйесінің тұрақтылығынан жеке шешу мүмкін емес.
«Мұның бәрі – Президент мақаласынан жасалған ең айқын қорытындылар. Рухани жаңғыру – бұл тек қана ой-толғанулардың ауқымды біртектес бөлігі ғана емес, іс жүзінде іске асырылатын міндеттердің біртекті бөлігі. Біз құндылықтарымызға негізделген экономиканы жасаймыз, мүлдем керісінше емес», – деп қосты.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің проблемалары талқыланды. Қазбекова жиналғандарға барлық көтерілген мәселелер мен келіп түскен өтініштер қаралатынын және «Ақ жол» депутаттарының алдағы жұмысында жалғасын табатынын сендірді.