21
Қыркүйек

Санат жоқ 21.09.2017

«Ақ жол» бюджеттен тыс миллиардтаған міндетті төлемдер тетігін сынға алды

21 қыркүйек 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» бюджеттен тыс миллиардтаған міндетті төлемдер тетігін сынға алды. Автомобиль шиналарын қайта өндеу компаниялары құқықтарының бұзуылуы туралы шағымдары бойынша фракцияның тиісті депутаттық сауалын кеше Мәжілістің пленарлық отырысында Дәния Еспаева жолдады. 

   Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енген өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелер (ӨКМ) принципі –жекеменшік оператор  «Оператор РОП» ЖШС-нің мәселелері туралы сөз қозғалды. ҚР Экологиялық кодексінде ӨКМ қызметін реттейтін және техникалық қалдықтармен қоршаған ортаның ластану көлемін азайтуға бағытталған тұтастай бір бөлім арналған. Ү.ж. ақпан айында Энергетика министрлігінің Салалық комитеті отырысында қайта өндеушілермен жасалған  тікелей шарттар негізінде пайдаланылған шиналарды қаржыландыруды жинау, тасымалдау, залалсыздандыру, өңдеу, кәдеге жарату туралы шешім қабылданды.
   «Алайда, шағымнан, «Оператор РОП» қазіргі таңда кәдеге жарату кәсіпорындардың қуаттылық жиынтығы (40 мың тн.) жыл сайынғы тасталатын автошиналардың (300 мың тн.) көлемінен 7,5 есе аз бола тұрса да,  қайта өндеушілермен тікелей келісім-шарттар жасамай, тек тендер өткізеді. 20 зауыттың арасында не үшін тендер өткізіледі, егер жұмыстың көлемі сондай зауыттың тағы 150 –не жететін болса?– делінген сауалда. – Бұл ретте, кәсіпорындар шағыммен хабарласқан кезде бірде-бір келісім-шарт жасалынбай, бір теңге де төленбеген. Ал, «Оператор РОП»-тың өзінде импорттаушылар міндетті төлемдерді салықтармен қатар төлейді, тек айырмашылығы салықтар мемлекетке түссе, бұл төлемдер нақты кімге түсетіні түсініксіз».
Тіпті, төлемнің өзі жасанды екі бөлікке бөлінген: шиналарды қайта өңдеу (кәдеге жарату) және оны тасымалдау үшін қызметіне төлейді, алайда қайта өндеуші-кәсіпорындар тасымалдау қызметтерімен өздері де қамтамасыз етуге болатын еді.  
Қалдықтарды кәдеге жарату үшін жалпы соманың 10% нан кем емес төлем мөлшері қарастырылған, ал тасымалдау, жинау және өзге де кәдеге жарату ілеспе қызметтерінің құны 90%-дан астамды құрайды.
Сонда, бұл саланың негізгі субъектісі болып табылатын қайта өңдеуші зауыттар төлемнің аз бөлігін алып, қомақты үлесін басқа бір тұлғаларға тиесілі ме?
         Алайда, шиналарды өңдеуге арналған өтемақы тек қана өңдеуші кәсіпорындар шығынды болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Осылайша, кәсіпорындарды нысаналы жою үшін алдын-ала жағдайлар жасалған.
         ӨКМ мен қалдықтарды қайта өндеуші кәсіпорындар арасындағы өзара қарым-қатынастың ашықтығы болмағандықтан, қоршаған ортаны техникалық қалдықтардан қорғауға негізделген осы бағдарламаның жалпы тәжірибелік әсері мен тиімділігіне алаңдаушылық туындайды.
Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы Үкіметтен келесі мәселелер бойынша дәлелді түсініктеме беруді сұрайды:
1. ҚР Экологиялық кодексінің 16-бабының 4-1) тармағын бұза отырып, «Оператор РОП» құру кезінде акционер ретінде қатысудан бас тартқан Үкіметтің ұстанымы қандай?
2. (Ашық дереккөздердің мәліметі бойынша) 140 млрд. Теңге көлеміндегі кірістер жоспарланғанын ескере отырып, Үкімет «Оператор РОП» шоттарына  тауарларды импорттаушылардан түсетін міндетті төлемдердің ашықтығы мен тиімді пайдалануын қалай қамтамасыз етеді?
3. «Оператор РОП» құқықтық жағдайын және олар жинайтын қаржының мәртебесін анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдау көзделген бе? Бұл салық болмаса, онда не?  Егер, салық болса, онда неге бюджеттік рәсімдерді айналып өтіп,  жекеменшік түрде иелік етеді?
Сонымен қатар, «Ақ жол» депутаттары ұсынады:
1. ӨКМ жүйесінің барлық қатысушыларының арасында ашық және айқын қарым-қатынасын құру. 
2. Шина қалдықтарын қайта өңдеуші зауыттарымен тендерсіз, тікелей ұзақ мерзімді шарттар жасасу туралы мәселені шешу.
3. Қайта өңдеу (кәдеге жарату), тасымалдау, жинау және кәдеге жаратудың басқа да ілеспе қызметтерінің құнын біріктіру.
4. 'Оператор РОП' ЖШС қызметіне, оның ішінде тауар (өндірушілер) импортаушылардан жиналған қаражаттың дәлелді жұмсалғанына талдау жүргізу.
      «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру және сайлаушылардың мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.