27
Қыркүйек

Санат жоқ 27.09.2017

«Қамқор» туристерге қамқор бола алмай отыр

27 қыркүйек 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі


«Ақ жол» депутаттары Үкіметтен Анталияда орын алған жол-көлік апатынан зардап шеккен қазақстандықтарды жедел қайтаруға көмек көрсетуді және «Туристік Қамқор» Қорының әрекетсіздігіне араласуды сұрады. Фракцияның тиісті депутаттық сауалын бүгін Дәния Еспаева жолдады.
Үкіметтің азаматтардың туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру мақсатында құрған «Туристік Қамқор» қорының жұмысындағы кемшіліктері туралы сауалды біздің фракция осыдан екі апта бұрын жолдаған еді.
Құрылғанына бір жыл өткен туризмді кепілдендіру жүйесі мен Қордың жұмысын мемлекеттік органдар тәртіпке келтіріп және «жолбике» операторларды бұл салада қызмет ету мүмкіндігінен айырып, заңның 100 пайыз орындалуына қол жеткізуі керек еді. Өкінішке қарай, біздің алаңдаушылығымыз расталды. Бүгін түнде фракция депутаттарына қайғылы жағдайға тап болған Талдықорған және Алматы қалаларының жеті қазақстандық туристері хабарласты. 21 қыркүйекте Кемер қаласында орын алған жол көлік оқиғасынан Түркияның 4 азаматы қаза тапты, ал қазақстандықтар ауыр жарақаттар алып, оларға шұғыл түрде ауыр оталар жасалды. Қазақтың жас жігіттері мен қыздары елге тек жатқан қалпында тасымалдана алады, ал оған қомақты қаражат қажет', - делінген.
'Алайда олардың «Қамқор» Қорына, «Эйр Астана» және басқа да органдарға үндеулері нәтижесіз қалды. Қазірдің өзінде бұл ақпарат электронды БАҚ-да расталды, тіпті жаралы қазақстандықтардың суреттері де қоса жарияланды. Қазір зардап шеккендерге жәрдемдесумен Анталиядағы СІМ-нің бас консулы Бауыржан Абдрахманов қана айналысып жатыр, бірақ оның мүмкіндіктері шектеулі. Екі күн бұрын фракция депутаттарымен кездесуі барысында «Туристік Қамқор» Қорының басшылығы «біздің жалғыз міндетіміз - азаматтарымызды қайтару» деп сендірді. Неліктен қазір олар әрекетсіз отыр?' – деген сұрақ депутаттарды мазалауда.
'Біздің бұрынғы сауалымызда айтылғандай, осы адамдарға көмек көрсету «Қамқор» қорының тікелей міндеті екеніне біз сенімдіміз – және сол үшін қажетті қаражаттар оларда артығымен бар. 'Ақ жол' фракциясы Үкіметтен бағынышты ұйымның әрекетсіздігіне араласуды сұрап, азаматтарымыздың қайтып оралуына шұғыл көмек көрсетуді, сонымен бірге оларды қажетті медициналық және ұйымдастырушылық көмекпен қамтамасыз етуді талап етеді.
Егерде 'Қамқор' қоры өзіне жүктелген қызметтен тағы да жалтарса, біз осы ұйымның міндетті төлемдерінің күшін жойып, таратуды талап етеміз', - деп «Ақ жол» фракциясының депутаттары мәлімдеді.
Бұрын белгілі болғандай, Түркияға демалуға келген Қазақстанның жеті азаматы сұмдық жол көлік оқиғасына түсті. Апат кезінде төрт түрік азаматы қаза тауып, қазақстандықтар әр түрлі ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Қазір оларды ауруханадан шығарып жатыр, бірақ мәселе олардың елге орала алмауында болып тұр. Айтулары бойынша, хабарласқан әуе компаниялардың барлығы жатқан қалпында тасымалдау үшін қомақты қаражат сұрайды.