26 маусым 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясы Үкіметке отандық өндірісті ұлттық компаниялардың алдында корғауды ғана емес, сондай-ақ тұтыну нарығында импорталмастыруды дамытуды ұсынды – бұл жөнінде Азат Перуашев өткен сәрсенбідегі Мәжілістің отырысында мәлімдеді. Демократиялық фракцияның көшбасшысы Үкіметтің 2016 жылға арналған бюджеттің орындалуы туралы Есебін қарау барысында «Ақ жол» депутаттарының мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алудағы қалыптасқан жағдайға байланысты қатаң сыны туралы еске салды.
Ол «Ақ жол» фракциясы 2013 жылдың 18-ші желтоқсанында, 2014 жылдың 24-ші маусымында, 2015 жылдың 11-ші ақпаны мен 11-ші қарашасында, 2016 жылдың 27-ші сәуірінде Үкіметке квазимемлекеттік секторда сатып алу рәсімдерін реттейтін заң әзірлеуді ұсынғаны туралы айтты. Және Үкіметтен үш рет теріс жауап алды.
«Бірақ, Үкіметтің кешегі отырысында, 4 жылғы талқылаудан кейін, ақыр соңында мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуын реттейтін заң жобасы таныстырылды, ол күзде Үкіметке берілуі тиіс. «Ақ жол» фракциясына осы оқиғамен отандық бизнесті құттықтау ғана қалып тұр - деп Азат Перуашев атап өтті.
Сонымен бірге, бизнес партиясы мемлекеттік органдар «квазимемлекеттік кәсіпорындар нарығына назар аудара отырып, табиғи және сыйымды ресурс – тұтыну тауарлар ашық нарығын біртіндеп жоғалтып жатыр деп есептейді».
Мысалы, «Самрұқ-Қазына» ірі мемлекеттік холдингінің сатып алу көлемі өткен жылы 6,4 трлн.тг. болса, ашық нарықтағы бөлшек сауда 7 трлн.600 млрд.тг құрады, ал көтерме сауда тіпті 18 трлн.тг ден асып түсті. Тіпті егер, «Самрұқ-Қазына» Қорының сатып алуы бұл статистикаға енгізілсе де, ашық көтерме-бөлшек нарығы ірі мемлекеттік холдинг көлемінен 3 есе асып тұр!
Бірақ, бұл нарық мемлекеттік органдармен дұрыс бағаланбай қалуда, оған былтырғы тұтыну тауарларының импорты бірден 18%-ға өсуі дәлел бола алады. Қазақстан фермерлері Одағының мәліметі бойынша, 2015 жылы ішкі нарыққа 3 млрд.АҚШ доллардан астам көлемінде ( трлн. 100 млдр.тг-ден астам) азық-түлік импортталды, ал 2016 жылдың үрдісіне және нарықтың 64 % құрайтын азық-түлік емес өнімдерінің үлесіне байланысты ағымдағы импорт көлемі аталған соммадан бірнеше есе артты.
«Ақ жолда» қазақстандық бизнес мемлекеттің импорталмастыруды дамытудың мақсатты қолдауы арқасында осы қаражаттың едәуір бөлігін игеретін еді деп есептейді.
Тұтыну нарығының мәселесін шешу үшін, «Ақ жол» фракциясы Үкіметке отандық тауарөндірушілерді тек квазимемлекеттік қана емес, сонымен бірге тұтыну нарығында, инвестициялық, техникалық және салықтық ынталандыру, отандық тауарлардың сапасына қойылатын талаптарды күшейту және әділ бәсекелестікті қорғауды қоса алғанда, отандық өндірушілерді қолдау жөнінде қадамдарды әзірлеуді, сондай-ақ тұтыну нарығының негізгі факторы болып саналатын халықтың төлем жүргізуге қабілеттік сұранысын арттырудың тиімді шараларын қабылдауды ұсынды.
«Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру және отандық тауарөндірушілердің мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.