12 маусым 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
«Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында Қазақстанда іскерлік сапармен жүрген «Хинждиян Кунуй Ирон» металл өңдеу корпорациясының басшысы ЛианХанг Чанг мырзаны қабылдады.
Аталған компания бірнеше жылдан бері Қарағанды және Теміртау кәсіпкерлерімен қарым қатынас орнатып, ортақ бизнес жасап келеді екен. Енді біздің елімізге әкелетен инвестиция көлемін де ұлғайтпақ.
Азат Перуашев өз кезегінде Қазақстанның «Инвестиция туралы заңында» ел экономикасына салынған инвестицияның көлемі 12 млн доллардан көп болса, көп жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті. Ол сондай-ақ, Қытай мен Қазақстан арасында саяси қарым қатынастармен қатар, бизнес саласында да ынтымақтастықтың жоғары деңгейде көтерілгеніне тоқталды.