24
Қазан

Санат жоқ 24.10.2017

Перуашев – министрлерге: неге сіздер депутаттардың бастамасын оны ұсынғандармен емес, сіздерге ыңғайлы адамдармен талқылайсыздар?

24 қазан 2017 жыл«Ақ  жол» ҚДП баспасөз қызметі

Неге сіздер депутаттардың бастамасын оны ұсынғандармен емес, сіздерге ыңғайлы адамдармен талқылайсыздар? – Перуашев осы сұрақты өткен сәрсенбіде Мәжілістің отырысында Салық кодексін талқылау кезінде министрлерге жолдады.

Әңгіме ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін ҚҚС-ын 70%-ға азайту бойынша жеңілдіктерді алып тастау туралы болды. Оның орнына, Экономика министрлігі шегерілуге рұқсат етілген ҚҚС-ның 70% қосымша соманы өтеу құқығына енгізуді ұсынды. 

«Ақ жолда» қолданыстағы есеп айырысудың және әсіресе ҚҚС-ын қайтарудың қолданыстағы тәжірибесін ескере отырып, бұл шара агроөнеркәсіп секторының одан әрі әлсіреуіне әкеп соқтырады деп есептейді. Осыған орай, Перуашев ЕО елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, «Ақ жол» фракциясының әлеуметтік маңызы бар салалардағы ҚҚС мөлшерлемесін төмендету бойынша (2012 жылдан бастап) бірнеше ұсыныстары туралы еске салды. Іс жүзінде барлық еуропалық елдерде ауыл шаруашылығы үшін жалпы белгіленген мөлшерлеме 20-да, 24%-да бола алатынына қарамастан ҚҚС мөлшерлемесі 0-ден 5%-ға дейін деп белгіленген.

«Егер біреу ауыл шаруашылықтың әлеуметтік маңыздылығы туралы күмәнданатын болса – мен жастардың ауылдан қалаға ағылуы туралы жақында болған шулы пікірталастарды және жастарды жатақханамен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы біздің резонанстық ұсыныстарды еске түсірейін.

Сонымен бірге, біздің әріптесіміз Владимир Карпович (Божко) ауылдық жерлерде жұмыс орындарын кеңейтуді ұсынды. Және де бұл дұрыс шара сияқты. Бірақ ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындары болмайды,  егерде салықшылар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қолын бұрайтын болса, ал олар ДСҰ-на сілтеме жасай отырып, дәл осыны ұсынып отыр.

Сонымен бірге, Еуроодақтың барлық елдері бұрыннан ДСҰ-да және барлығы да төмендетілген мөлшерлемелерді қолданады, себебі бұл жеңілдік емес, дифференцияланған салық саясаты болып саналады.

Ү.ж. 16-шы қаңтарындағы «үкіметтік сағат» барысындағы менің тиісті ұсынысыма Қаржы министрлігі ауыл шаруашылығы үшін салалық ҚҚС мөлшерлемесін енгізу күн тәртібінде тұрғаны туралы ресми түрде жауап берді. Бірақ Салық кодексінде аграршылар оны көрмеді. 

Құрметті Тимур Мұратұлы (ұлттық экономика министрі) қазір біздің  әріптесіміз Берік Дүйсембиновке бұл мәселе «бизнеспен талқыланғанын» және олар «импорттың қаптап кетуінен қорқып», бұл идеядан бас тартты деп жауап берді, - деді ол. – Менде министр мырзаларға сұрақ, осы мәселені нақты кіммен талқыладыңыздар?

Мен 0% ҚҚС–нан бас тартқан фермерді көрмедім. Мүмкін министрлердің өздерінің басқа фермерлері бар шығар?

Бірақ неге сіз депутаттардың бастамасын оны ұсынғандармен емес, сіздерге ыңғайлы адамдармен талқылайсыздар?

Біз мұндай жауапты қабылдамаймыз, сондықтан «Ақ жол» фракциясы  тағы да (мүмкін 101-ші рет шығар) ауыл шаруашылық кәсіпорындарына 0-ден 5%-ға дейін төмендетілген салалық ҚҚС мөлшерлемесін енгізуді ұсынады.

Осы норманы импорттаушыларда пайдаланады деген қауіпке – біріншіден, әділетсіз импорт қазірдін өзінде біздің ішкі нарықта басымдыққа ие. Сондықтан бұл енді қауіп емес, ал орындалған факт.

Екіншіден, бюджетті талқылау барысында әділетсіз импорт мәселесін шешу үшін техникалық регламент қолданылуы мүмкін деп айтылды. Және егерде мемлекеттік органдар нарықты контрафактілік және сапасыз өнімдерден тиімді қорғауды қамтамасыз етсе, адал импортпен отандық тауар өндірушілер әділ және ашық бәсекелестікке төзуге қабілетті бола алады.   

«Отандық өндірушілерді кемсітпей, оларға сенім артып, көмектесіңдер», - деді Перуашев.