«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылғы 15 желтоқсан
Кеше «Ақ жол» ҚДП орталық кеңсесінде партияның Орталық кеңесінің салтанатты отырысы өтті.
Пленум партия атынан барша қазақстандықтарды айтулы күнмен құттықтады. ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Ақ жол» ҚДП-ның мәлімдемесінің мәтінің Мәжіліс депутаты Б. Дүйсембинов жариялады.
«Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз және байлығымыз, оны ешқандай материалдық немесе меркантильді игіліктермен өлшеп немесе салыстыру мүмкін емес, - делінген мәлімдемеде. - Біздің ата-бабаларымыз бостандық пен тәуелсіздік жолында молшылықта тұруын да, өмірін де құрбандыққа шалып жібергені кездейсоқ емес».
«Ақжолдықтар» барлық саяси күштерді, барлық азаматтарды және отандастарымызды еліміздің басты құндылығы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі үшін адал қызмет етуге шақырды.
«Біз, бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығы онжылдықтар мен ғасырларға ұласатына және халқымыздың Мәңгілік Елде өмір сүретініне сенімдіміз!», - деп атап өтілген мәтінде.
Іс-шара барысында ҚДП төрағасы Азат Перуашев партияластарға мемлекеттік марапаттар мен мерейтойлық медальдар тапсырды. Мемлекет Басшысының жарлығымен 2 дәрежелі «Достық» орденімен партия төрағасының орынбасары - Оңтүстік Қазақстан филиалының төрағасы Анарбек Орман, «Құрмет» орденімен оқытушы А.Абикенов, филиалдардың басшылары Е.Арынов, С.Бейсембаев, кәсіпкерлер К.Кайпиев, А.Кожамбетов, М.Раманқұлов, С.Тәшенов марапатталды.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен орталық аппараттың және филиалдардың көптеген қызметкерлері марапатталды.
Сонымен қатар, салтанатты іс-шара аясында жыл сайын өткізілетін «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауының лауреаттарына «Алаштың Ақ жолы» төсбелгісі тапсырылды.