Педиатриялық көмекті дамыту мәселесі қатаң бақылауға алынады – делінген «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалына берілген жауапта
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылғы 8 қарашасы
Педиатриялық көмекті дамыту мәселесі қатаң бақылауға алынады – «Ақ жол» партиясының депутаттарының балалар емханалары және медициналық ЖОО-да «педиатрия» мамандығын қалпына келтіруді талап еткен депутат сауалына берілген жауабында делінген.
Еске сала кететін, 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында балалар және ересектер емханасы біріктірілді - енді барлық медициналық мекемелерде жалпы тәжірибе дәрігері балаларды сондай-ақ ересектерді қабылдайды; медициналық жоғары оқу орындарында 'педиатрия' мамандығы жойылды ('педиатр' мамандық алу үшін 'интернатураны' бітіру қажет).
Отбасылық дәрігерлер тәжірибесіне көшудің маңыздылығын түсіне отырып, «ақжолдықтар» бұл бағдарламаның бағалауының тиісті маңызы жоқ және ҚР педиатриясының көпжылдық оң тәжірибесінің енгізілуі деп санайды.
Сонымен қатар, аталған жаңалық қоғамда негізделген сын тудырды.
«Ең көп қауіп тудыратын факт, бұл осы эксперименттен басты зардап шегетін біздің балаларымыз болуы мүмкін, олар басым қамқорлық және қорғауды нақты қажет етеді»,- деп атап өтілген сауалда. – медициналық жоғары оқу орындарында педиатрлық факультеттерін тарату туралы шешім де елеулі қауіп тудырады. Қазір терапевтер балалар аурулары туралы тек жалпы ұсыну бойынша төртайлық курстарды өтеді».
Жақында осы салау бойынша, белгілі болғандай педиатриялық көмек жетілдіру мақсатында денсаулық сақтау министрлігімен жан-жақты талдау және дәрігер-педиатрларды дайындау сапасын арттыру үшін жұмыс тобы құрылғаны туралы Үкіметтен ресми жауап алынған.
«Осыған байланысты, менімен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігіне республикадағы педиатриялық көмекті әрі дамыту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге тапсырма берілді. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Үкіметімен қатаң бақылауға алынды», - делінген Премьер-Министр Б. Сағынтаевтың қолы қойылған хатта.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыруда.