27
Қазан

Кәсіпкерлер А. Перуашевқа ««Қорғас» ШЫХО жұмысын жақсарту бойынша мәселелерді дұрыс қойғаны, ең өткір проблемаларға ашық және адал көзқарасы» үшін алғыс айтады

 «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 27 қазаны



Кәсіпкерлер А. Перуашевқа ««Қорғас» ШЫХО жұмысын жақсарту бойынша мәселелерді дұрыс қойғаны, ең өткір проблемаларға ашық және адал көзқарасы» үшін алғыс айтады – «Ақ жол» партиясының атына «Хоргос» арқылы жұмыс істейтін 120 адамның қолы қойылған хат түсті.
 «Азаматтардың жүктерді тасымалдауға және тауарларды кеден арқылы әкетуге, қабылданған кедендік реттеу заңдарына енгізілген өзгерістер туралы ұсыныстарына  байланыстымаңызды мәселелерін шешу бойынша қызығушылық танытқаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз', - деп жазады кәсіпкерлер.
 Хат авторлары көтерілген мәселелердің шешілуіне үміттенеді.
«Біз Сізден оң нәтижелерді күтеміз және шын жүректен кеден және шекара органдарының тарапынан сыбайлас жемқорлықтың парақорлығының тоқтайтынына сенеміз және біз ақыры экономиканы көтеру үшін мемлекет қазнасына ресми салықтар мен мемлекеттік баж төлей аламыз», - делінген алғыс хатта.